Ұлылар ұсынған кітап тізімі: Бродский (поэзия)

Ұлылар ұсынған кітап тізімі: Бродский (поэзия)
Фото: vk.com

Құрметті оқырман, өткен жолы біз ұлы тұлғалар оқуға ұсынған кітаптар тізімін жариялап отыратынымызды хабарлаған болатынбыз. Өз интеллектіңізді арттырып, таным көкжиегіңізді кеңейткіңіз келсе, сіздер үшін арнайы жинақталған тізімдерді жіберіп алмаңыз.

Алғаш жарияланған Ұлылар ұсынған кітап тізімі орыс және америкалық ақын, эссеист, драматург, аудармашы және Нобель сыйлығының иегері Иосиф Бродскийге арналған еді. Бұл жолы осы азаматтың оқуға кеңес берген поэзия тізімін жариялап отырмыз.

Естеріңізге сала кетейік, Бродскийге бұл тізімді жасауға себеп болған америкалық жастардың сауатсыздығы еді. Бір күні ашуға булыққан лектор сабақ беріп отырған жерінен жазу машинкасына «Әркім оқып шығуы тиіс кітаптар тізімі» деген атаумен тізім жасап, студенттер қолына ұстатқан екен.

Поэзия 

  • Ағылшын/ америкалық: Роберт Фрост, Томас Харди, Уильям Батлер Йейтс, Томас Стернз Элиот, Уистен Хью Оден, Марианна Мур, Элизабет Бишоп.
  • Неміс: Райнер Мария Рильке, Георг Тракль, Петер Хухель, Ингеборг Бахман, Готфрид Бенн.
  • Испан: Антонио Мачадо, Федерико Гарсиа Лорка, Луис Сернуда, Рафаэль Альберти, Хуан Рамон Хименес, Октавио Пас.
  • Поляк: Леопольд Стафф, Чеслав Милош, Збигнев Херберт, Вислава Шимборска.
  • Француз: Гийом Аполлинер, Жюль Сюпервьель, Пьер Реверди, Блез Сандрар, Макс Жакоб, Франсис Жамм, Андре Френо, Поль Элюар, Виктор Сегален, Анри Мишо.
  • Грек: Константин Кавафис, Йоргос Сеферис, Яннис Рицос.
  • Голландиялық: Мартинус Нейхоф («Аватар»).
  • Португалиялық: Фернандо Пессоа, Карлос Друммонд де Андрад.
  • Швед: Гуннар Экелёф, Харри Мартинсон, Вернер Аспенстром, Тумас Транстрёмер.
  • Орыс поэзиясы: Марина Цветаева, Осип Мандельштам, Анна Ахматова, Борис Пастернак, Владислав Ходасевич, Виктор Хлебников, Николай Клюев, Николай Заболоцкий.
А. Оралқызы