- Негізгі бет
- Көкжиек
- Ақберен Елгезек. «Қайран...
Ақберен Елгезек. «Қайран сөзім қор болды...»
Ақын Ақберен Елгезек белгілі сыншы Амангелді Кеңшілікұлына арнап хат жазған болатын. Әңгіме бүгінгі әдебиет, әдебиеттегі жастар, ақындар туралы еді. Алайда, хат авторларының арасындағы пікір алмасу дауға ұласып кетті. Сыншы фейсбуктағы жеке парақшасында жауап хатын жариялап, одан кейін «Жас Алаш» газетіне тағы бір көлемді мақала жазды. Біз екі тараптың да жазбаларын оқырман қауымның назарына ұсындық. Екі жақ тең сөйлессін деген ниетпен енді Ақберен Елгезектің пікірін жариялауды жөн санадық.
Біздің қоғамда өркениетті пікірталас, өз көзқарасын мәдениетті түрде жеткізу деген дүние атымен жоқ екен ғой. Интеллектісі жоғары деп жүрген зиялым мәселенің байыбына бармай (барғысы келмей) беталбаты сөйлеп, басыңа бар негативін төккен кезде, Иран-Ғайып ағамның "менікі не талтаң осы?" - деген сөзі есіңе түседі екен.
Мен оған хат жолдай отырып, әдебиеттегі процесстер (оның жеке басына қатысты бір сөз жоқ!) төңірегінде пікірімді айтқан болатынмын. Бұл кәдімгі эпистолярлық жанр форматындағы пікір алмасу еді. Ол кісі болса, менің жеке басыма тіл тигізіп, сөздерімді теріс айналдырып, жоқты бардай етіп, мені бір жағымсыз, мақтанқұмар тағы басқа оған ғана елестейтін пәтшағарлық кейіпте көрсетіп отыр.
Оқымысты, зиялы деген адамның мінез-құлқы осындай болса, өзгеге қалай ренжисің? Біз әлі ондай пікір алмасу деңгейіне жетпеген екенбіз. Соны білмеген екем. Өкініп отырмын.
"Қайран сөзім қор болды..."
Сурет: jasonchrisvoltaire.wordpress.com
Ұқсас жазбалар: