Шабыт сыйлаған бала мен тасбақа. Ертегі (Соңы)

Шабыт сыйлаған бала мен тасбақа. Ертегі (Соңы)
Фото: udivitelno.com

БАСЫ

Тасбақа таным белгілерін пысқырмай, жол айрығына келді. Тасбақада, әлбетте, мемлекеттік нөмір болған жоқ. Тәртіп сақшысы шошып кетті.

– Бәрі дұрыс, жолдас милиционер, бұл тасбақа бізбен бірге келеді.

Тәртіп сақшысы бізді көрді де, сұсты түрмен жүгіріп келіп, берет, шалбар, менің октябрьлік таңбашама қарады да, басын изеді. Біз жолды кесіп өттік те, тасбақа солға қарай бұрылып бара жатқанын көрдік. Сонда қайтадан сол жолды жағалай өтіп, оны ағаш саясында күттік. Бірақ тасбақа жаяу жүргіншілер жолымен жүрмей, бізге қарай тура тартты.

Алдымызда отырғыштары, өткен жылғы жасыл желегі бар үлкен саябақ тұр. Тасбақа да сонда бағытталды. Ол аяқжолды кесіп өткеде жанымдағы жолдасым жүргіншілерге ымдап, оған жол беріп, өткізіп жіберуін сұрады. Екі жүргінші ым-жымсыз өткізіп жіберді. Бұл қол ұстасқан ер мен әйел еді. Олар да серуендеп жүр, бүгін жексенбі, демалыс күні.

Тасбақа көк шалғын ортасында шөптерді жұлып жүр екен. Ол артымызда жүретіндей, алдыңғы ретте орналасқан отырғышқа жайғастық. Біз ендігі «біз» болып қалдық. Яғни, достасып кеткендей болдық. Шамасы, ол әңгімеміз қай жерден тоқтағанын ұмытып қалса керек:

Мен суретшімін. Театрда жұмыс істеймін, – деді.

– Қалжыңдап тұрсыз ба? Суретші театрда не бітіреді? Әртістердің портретін саласыз ба? – деп сұрадым сатыда қоқиып өз суретін салу кезегін күтіп тұрған әртістерді елестетіп.

– Мен сахнаны безендіремін. Әр қойылымға әртүрлі сахна қажет. Декорация, артқы фон.

– Сіздің өз театрыңыз, беретіңіз және тасбақаңыз бар. Осыған қарап бір жайт есіме түсіп тұрғаны... – дедім мен де қалжыңдасам өкпелемес деген оймен.

Буратино туралы ертегі ме? – деп күлді. Театр менікі емес, мен онда жұмыс істеймін. Соған қарағанда, Папа Карло шығармын. Жұмыс көп.

– Сонда суретшілер де жұмыс істей ме? Картина бейнелеу тұнып тұрған ләззат! Жұмыс істейтін – құрылысшылар.

– Онда театр маған не үшін ақша төлейді деп ойлайсың?

Мен тасбақаны қараған болып артқа бұрылдым. Себебі ойланым керек. Мұнда отырғыш астынан күшті жел тұрып, өткен жылғы жапырақтар мен шаңды ұшырып әкетті. Жапырақтар шалбарымызға кеп жабысты, ал шаң көзіміз бен мұрнымызға кірді. Үсті-басымызды қағып-сілкіп тұрғанда, тасбақа саябақтың басқа жағына кетіп бара жатқанын көзіміз шалды. Жеделдете басып, саябақ жолына жеттік. Әлдебір ит тасбақаға үрді. Ал иесі оны кейін шегіндіріп, қарғыбауынан тартты.

Тасбақа жаяу жүргіншілер жолына қозғалды, біз оның соңынан ердік.

Ол маған театрда қандай декорация, картиналар дайындайтынын ұзақ әңгімеледі. Суретшіге бір картина салу идеясы келгенде бас сүйегінің ішкі жағы қышитынын айтты. Ол тіпті маған көрсетті, бейнеледі. Беретін құлатып алды. мен күлкіге қарқ болдым.

– Мүмкін, сіз шаршаған боларсыз. Тасбақаңызға отырып, қайта кетемін десеңіз де өз еркіңіз. Ал мен бұрынғыдай үйіме қайтсам қалай болады? Мен шаршаған жоқпын.

– Біз келіп те қалдық, – деді ол. Міне, зообақ.

Трамвай айналмалы жолдан бұрлылып, тасбақаға үн шығарды. Ол әр рельсті зор абыроймен, дәлдікпен аттады. Мен келіскеніміздей, ол тасбақаны зообақ иесіне тапсырып келгенше қақпа алдында күттім.

Ол не деген тамаша қақпа болды десеңізші! Таңғажайып! Әлдебір қамалдың қақпасы. Дөңес пішінді, ақ түсті, қалың қабырғалы және сенімді торы да бар. Тек қақпа артындағы қамал емес еді. Оның арғы жағында зообақ жолына бастайтын жоғары көтерілетін баспалдақ сатысы тұрады. Тасбақаға бұл жолмен көтерілу аса қиынға соқты. Ал мен әр саты сайын басып озып, жоғарыға асыға ұмтыла бердім. Ол мені ішке кіргізер деп ойлап едім, сөйтсем, тек қоштасу үшін шыққан екен.

– Трамвай аялдамасы қай жерде екенін білесің бе? – деп сұрады.

– Әрине, білемін. Бұл жерде жүз рет болғанмын.

– Олай болса, қане, зымыра, жүгір! Кеш қарайып қалды, – деді ол ақ қақпа табалдырығында тұрып.

– Тасбақамен серуендеуге енді қашан шығасыңдар? – дедім бұл суретшімен тағы да сөйлескім келіп.

– Дәрігерлер маған сәуір айының соңына дейін ауруханада жатып емделу керек дейді. Ал мамырда тасбақа тағы да серуендегісі келеді, – деді құлаған жапыраққа қарап тұрып, өзі күлімдеп қояды, – Олай болса мамырда, жексенбі күні шығамыз.

Мен трамвайға отырдым, бетіммен терезеге жабысып келемін. Егер әйнекке жел соқса, терезе буланады. Сонда сурет салуға болар еді. Сіздер мұны,  әлбетте, білесіздер. Әйнекке сурет салғанды жақсы көремін.

Өзімше әлдебір декроация жасап көрмекпін. Өзімнен өзім зообақ қақпасының суретін салыппын. Берет киген адамның бейнесін салайын деп едім, сәтті шықпады. Негізінен, мен адамның суретін жақсы сала алмаймын.

Қақпа алдына алып тасбақаны және оның жоғары жағына өзімді бейнеледім.

@. @assel_assanova