Шабыт сыйлаған бала мен тасбақа. Ертегі

Шабыт сыйлаған бала мен тасбақа. Ертегі
Фото: triphints.ru

Менің құзырымда болса, бұл оқиға тамыз айына ауыстырылғанын қалар едім. Себебі тамыз айында менің туған күнім бар. Жыл сайын туған күнім демалыс кезіне тұспа-тұс келеді де, барлығы бірдей келе алмайды. Бірақ мен қазір наурыз айының аяғы туралы айтамын.

Себебі дәл осы наурыз айының аяғында мен көше жағалап, «Көк базарға» келдім. Жасыл шатырға жетпейінше бітпейтін саяжолмен ағаштан ағашқа жеттім. Көлеңке аяқжолды ғана емес, жүргіншілер асфальтін, тіпті оюлы ағаш үйлерді де жауып тұр.

Жол бойындағы шалшықтардан аяқ алып жүре алмайсың. Мен жартастар арасында амалдап келе жатқан кеме сияқтымын. Тек, керісінше, теңіздер арасында амалдаймын. Менің туфлиім межелі жерге жете алатын түрі жоқ. Маған былай ойлауға тура келді: мен саяхатшымын, менде осыдан басқа ауыстыратын туфли жоқ. Осы туфли біраз сыннан өткен, бірақ әбден тапталған. Мен осы туфлимен бірнеше елді басып өттім. Басып өттім дегенде... басып өткен секілді болайын.

Көлік тым аз, ал жаяу жүргіншілер тізбектеліп барады. Мен қарауға тоқтаған кезде осылай ойладым.

Адамдар жүріп бара жатқан жолда, маған қарама қарсы бағытта үлкен, жарты дөңгелек сауыты бар алып тасбақа үстінде адам кетіп бара жатты. Онда жай ғана адам болса ештеңе емес. Онда бар назар тек тасбақа ауатын еді, тіпті оны ешкім елемеуі де мүмкін еді. Ол бар ынтасымен адымдап барады. Шеруде жүрген секілді.

Оның үстіне, ант беріп тұрғандай, аттау алдында алдыңғы аяғын көтеріп басады. Аяғын асфальтқа қоя бергенде келесі аяғын көтеру алдында бір секунд тоқтай қалады. Оның үстінде отырған адам басына берет, үстіне жеңсіз пенжак киген, ұзын мұрынды адам. Бұл тегін адам болмаса керек. Шалбары кең емес, тек астыңғы балақ жағы кеңдеу. Ол Тортилла тасбақасын қыдыртып жүрген Буратиноға ұқсас еді.

Олар тым баяу қозғалады. Өткіншілер бір минут тоқтап, ары қарай жүріп кетеді. Олар не ойлады екен? Зообақтағы тасбақаны серуендетіп жүрген сыңайлы. Не таңғалатыны бар, арыстан емес қой.

Артында көлік жүріп келеді, дабылдатып дыбыс шығармайды. Ақырын ғана тасбақаның алдына шығып, бірте-бірте газ бере бастады. Тасбақаға екі қой бір тиын. Құдды өзі бір жаққа бара жатқандай, ал үстіндегі адам жай ғана демалып отырғандай.

Неге екенін білмеймін, бірақ мен жанынан кетпедім. Кетпегеніммен қоймай, сұрақ қойдым. Менің ішімде белгісіз бірнәрсе бар. Өмірімдегі өзгеше сәттерде қимылдайды да, таранады. Иығым да тырнала бастайды. Мен бір иығымды қасысам, екіншісі де тырнала бастайды. Бастаған ісімді содан соң ғана жалғаймын. Сұрағымды қойдым:

– Сіз қайда бара жатырсыз? – Мен тіпті өз даусымды өзім танымай қалдым. Мәселе мынада, өзіме қарағанда даусым тез өседі. Сол себепті көп жағдайда алғаш сөйлегенде өз даусым өзіме бөтен боп естіледі.

– Мен қайдан білейін. Ақылды қарт тасбақа үстінде келемін, анығын сол біледі. Бірақ бұл құпия ма, кім білсін. Бәлкім, сөйлей білмегендіктен айтпайтын шығар, – деп жымиды берет киген кісі.

– Түсінікті. Тасбақаңыз жақсы екен дедім, – дедім мен «портфеліңіз жақсы екен» не «киіміңіз жақсы екен» дегендей. Шамасы әлгі ер адам осыған кенеттен ашуланған тәрізді. Шаңдатып:

– Бұл менің тасбақам емес, бұл жай ғана тасбақа. Мүмкін, мен оныкі шығармын.

– Қалай сонда?

– Тасбақа мені серуендеуге шақырды, мен оның қонағымын! Қаланың көрнекі жерлеріне көз салып келемін.

Мен бір қапталмен аяғымды аз-аздан ашып, шалшыққа түсіп кетпей, олардың ізінен еріп келемін. Тасбақа қанша баяу қозғалса да, біз әңгімелескен қысқа уақытта екі метр жүрді. Маған пысқырып қарайтын емес.

– Ал сіз оның қонағы екеніңізді, өзіңізді шақырғанын қалай білдіңіз?

Береттегі кісі әңгімеге етене кірісейін деп маған толық бұрылды. Ол менімен ересек адаммен сөйлесіп тұрғандай әңгімелесті. Шынымды айтсам, қызық көрінді. Менімен көп адам бұлай сөйлесе бермейтін.

– Сен мені бөгде планеталық деп ойлаған шығарсың? Түсінемін. Мен оның үстінде келемін. Ал ол жалғыз жүрсе ше? Онда не болар еді? Өзің елестет те, ақылға салып көрші. Ол қаланың қақ ортасында, құлпырған көктемде өзі серуендей алар ма еді?

– Оны зообаққа алып кетер еді, ол үшін өте үлкен көлік қажет болады деп ойлаймын, – дедім.

Сол кезде ол кісі тасбақадан қарғып түсті де, еппен менің жаныма тұрды. Іс жақсы емес. Мен оның белінен келетін болып шықтым. Ол тіпті бұл жайға да назар салмады.

– Міне, көрдіңіз бе, жігітім, мен басқа ғаламшарлық емеспін.

– Мен сізге олай деген жоқпын, – одан бояудың иісі шығып тұр екен, – Сіз сонда кімсіз?

– Маған «сен» деп сөйлеңізші, өтінемін. Мен әлі баламын. Әйтпесе ыңғайсызданып келемін. Бірақ маған сіздің менімен ересектерше сөйлескеніңіз ұнап келеді.

– Мәссаған! Сен «ыңғайсыздық», «жөнсіздік» деген сөздің мағынасын білесің бе? Мен бөгде ғаламшарлық баланы кездестірдім. Халайы-ы-ық! – деп сөзін созып айқайлады. Екпіндей күлмегенінде жүргіншілер де сұрақ қоя бастар еді.

– Мен Алматы мектебінің оқушысымын. Үздік емеспін, – дедім де кенет ол сиқыршы емес пе деген ой басыма сап ете түсті. Мүмкін, маған математикадан көмектесер.

– Ал сен қай сабақтан үздік емессің, достым?

Құлағыма милиционердің ысқырығы естілді. Қай пәннен төрттік алатынымды айтып үлгермедім...

Жалғасы бар

@. @assel_assanova