Хоббиттер қалашығы

Хоббиттер қалашығы

"Жүзіктер әміршісі" туындысының авторы Джон Рональд Толкиен фильм сценарийі бойынша туристік хоббиттер қалашығын ашты.

Жаңа Зеландиядағы Матамата қаласында Хоббитон ауылы әлем бойынша осы фильмді сүйіп қарайтын туристердің демалыс орнына айналды. 

Хоббитон ауылы "Жүзіктер әміршісі" фильмінің кезекті саны үшін декорация ретінде көтерілген болатын. Кино түсірілімі аяқталғаннан кейін үйшіктерді орнында қалдыру шешімі қабылданып, ауыл нағыз туристік орталыққа айналды.

Фильмнің сәтті болуы оны сүйіп көретін жандардың осында қонаққа келуінің кепілі болды. Әсіресе толкинистер сүйікті фильмі түсірілген жерлерді өз көзімен көруді арман қылатын. Қонақтар осы жерде ертегі көшелерін аралап, өздерін тылсым әлемнің бір бөлігі ретінде сезінді. Ауылда "Жасыл Айдаһар" трактирінде тамақтанып, фильмде орын алған керемет пейзаждарды тамашалауға болады. Әрине бұл жердегі басты ерекшелік – хоббиттердің 44 үйі.

Алайда ұйымдастырушылардың айтуынша, Хоббитон ауылы тек фильм табынушыларына ғана арналмаған. Ауылдағы ауа райы жыл бойы қалыпты, жылы болып тұрады.

Әйгілі фильмдердің есте қалар жерлері тек киносүйер қауымды емес, енді туристерді де бағындырмақ ниетте. Естеріңізде болса, "Аватар" фильмінің негізінде саябақ салынып жатқанын айтып өткен едік. 

Қарапайым жағажайдағы демалысты осындай қызықты саяхатпен алмастырғыңыз келер ме еді?

Дайындаған: Сания Аринова

Сурет: cosmo.com.ua

С. А