Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Аударма / Гийом Аполлинер: "Баяу соққан желде де бір қаяу бар"

Гийом Аполлинер: "Баяу соққан желде де бір қаяу бар"

Гийом Аполлинер:

Гийом Аполлинер 

Модернистік өнердің бір бағыты сюрреализмнің негізін салушылардың бірі – Гийом Аполлинердің (1880-1918) өлеңдерін Марлен Ғилымханның тәржімасымен назарларыңызға ұсынамыз.  

Некелестіру 

(Пикассоға арналады)


Көктемгі құйын шыр айналады, 
опасыз күйеудің жүзі зар ішті, ал! 
жапырақтардың жанында, 
көкшіл қауырсындар құжынап ұшқан, 
Сауырағаштың үстінде, 
көгілдір құстың маңында... 
Мадонна алагеуімде... 
итмұрынның алқызыл гүлін үзем деп 
төмен сүңгіткен 
қолымен 
жұлдызшешектен бір құшақ терді таң үшін! 
көкжидек жабады бетін... 
оларды ғажап көгершін күткен, 
Дала күзетіп... 
аспанда Қасиетті аруақша қалқып жаны жүр! 
Ұзаққа созылар, бәлкім... бақтағы құшақтасулар, 
оны ойлар үркітсе түрлі?! 
бізге сүю – 
татар дәміміз таусылған шақтарда ғана бұйырған, 
Мүмкін, осында жарасым жатыр. 
Алау дірілдейді кірпік секілді, 
Ал, 
Жүрек дүрсілдеп лимон бұтақтарының арасында тұр!

Француз тілінен аударған: Н. Стрижевский

*** 
Өлім мен Түн көремін, 
Қасіретті сәт секілді... 
Неліктен?! 
Неге 
соғады Жүрек?! 
Француз тілінен аударған: А. Гелескула. 
Қоштасу 
Ақшыл көк аршагүлді үздім... 
Бұл мүрдесі шығар жолымызда өлген 
күздің. 
уақыттың бейнесін көремін 
сол қызғылт көк бұталардан үзілген. 
Жаныма батады 
енді мүлде жолыға алмайтынымыз 
біздің... 
Бірақ, сені күтетінімді ұмытпа!

Француз тілінен аударған: Э. Линецкая

Санте түрмесі

(Циклден)

1911 жылы Луврдан Ленардо да Винчидің «Джокондасы» жоғалады. Аполлинерді осы ұрлыққа қатысы бар деген жалған айыппен бірнеше тәулік қамауда ұстайды. Сол уақыт "Санте түрмесі" циклінен көрініс табады.


Қолда бардың бәрін алды, 
талады, 
Күңгірт аула... 
аңызақ жел ескен үй... 
Ту сыртымнан мысқыл ойнақ салады: 
"Гийом, 
саған не істеген?!" 
Қаншама рет көңілсіздеу кеш кірді, 
жақынымның құшағына құмартып?! 
Келбетінен нұр көрмеймін ешкімнің, 
...менің қамымды ойламайды бұлар түк! 
...Енді қош бол 
аяулы ару, аяулы ән, 
мәңгі есіңде қалар, бәлкім, өпкенім?! 
Баяу соққан желде де бір қаяу бар, 
Қош бол, менің Көктемім... 
 
II 
Осы орында... 
кім екенімді һәм 
кім болғанымды ұмытып 
қалдым, 
Қазір... 
жиырма бестің жиырма екіншісі ғанамын, 
санмын 
жай ғана... 
Тереземнен күннің нұры сорғалап 
әуре, 
Өлең ішінен қабағын түйіп қарайды 
маған, 
Әйнектен саулаған 
сары жолақты көргенде 
санамда суреті қалқыған жөкелі 
тоғайдағы 
сәуле! 
Ауаның үстінде сырғанаған 
жарық жолдардың шоғыры – 
бәлкім, бір 
Үміт... 
Үрейге сүйрейді 
әлдекім 
бөлмемнің төбесін 
табанымен тақылдатып 
жүріп... 

III 
Уақыттың адымы сылбыр тым, 
бейіттен ұзауға бет алған көліктің қадамы 
секілді, 
ол да үлкен дерт еді... 
Санамнан 
құстай боп ұшқан не, 
сұлбасы сырғиды кезекпен, 
Бұл – тылсымға оранған ертегі... 
түс пе, әлде?! 
Мүмкін 
жарқылы жанардан 
жабыққан шағымда самғайды-ау, 
сорлатар мінезін жазғырар жоқ хәлім, 
жан – жақтан 
сұқтанған сауалдар 
бастарын білмеймін қандай дау. 
Іздесең, 
таппайсың елесін, 
ойымның қап-қара нүктесі, 
мың батпан мұңыңды 
жамылып 
келмеске кеткен күн сияқты 
жанымнан неге өте бересің?! 

IV 
Қаланың шуы анық естілді, 
Жалғыз 
саңылаудан қисайып сығалап тұрған 
шер саулатады естіге шатыр, 
үстінде 
үмітсіз күлген 
жанға жақпайтын жердің аспаны. 
Күн де таусылды... кеш кіреді ақыр, 
...Шамның жарығы шағылды әйнекке, 
Түңілер түнге жол ашады әркім. 
Тыныштықтағы әлем ішінде, 
шексіз ойлармен оңаша қалдым...

Француз тілінен аударған: Э. Линецкая


0
Рейтинг: +1

Фото: yesbelarus.com
Қосылған күні: 22 наурыз 2018, 18:03

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.