Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Медицина мен физиологиядан 2012 жылдың Нобель сыйлығы жапон ғалымы Синье Яманаке мен британдық биолог Джон Гердонға табыс етілді. Аталған қос зерттеушінің бірі жүйке өзегін зерттесе, ал енді бірі жануарларды клондаумен айналысыпты.

Стокгольмде (Швеция) Нобель комитеті арнайы жүлдені табыс етті. Айта кетсек, сыйлық қоры шамамен 1,2 млн. АҚШ долларын құрайды.

Жұма күні тағы басқа саладағы Нобель сыйлығының иегерлерінің аты белгілі болады. Осы жылы бұл тізімге 231 кандидат кіріп отыр. Солардың бірі жапон депутаттары ұсынып отырған елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев.

Естеріңізге сала кетсек, Нобель апталығы 8 қазаннан 15 қазанға дейін жалғасады.

сурет:cira.kyoto-u.ac.jp

Дайындаған: Фараби Бақыт

Л. Лига