- Негізгі бет
- Гуманитарлық ғылымдар
- Физика саласы бойынша...
Физика саласы бойынша Нобель сыйлығының иегерлері анықталды
Биылғы жылдың физика саласы бойынша Нобель сыйлығы Франция елінен Серж Харош және АҚШ-тан Дэвид Уайнеланд атты ғалымдарға бұйырды. Сыйлық ғалымдарға кванттық жүйелерді басқару технологиясын жасағандары үшін беріліп отыр.
Әлемнің ғылым саласындағы ең беделді сыйлығының мөлшері 1,2 миллион АҚШ долларын құрайды. Егер жеңімпаздар бірнешеу болған жағдайда, сыйақы мөлшері бәріне теңдей бөлініп беріледі.
Қазылар алқасы аталған ғалымдардың жұмысына "жекелей кванттық жүйелерді өлшеу мен оларды басқарудың эксперименталдық жаңаша әдісі" деген баға берді. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әдетінше, 10 желтоқсанда Швеция астанасы Стокгольм қаласында өтеді.
Бұдан бұрынғы сыйлық медицина және физиология салаларындағы еңбектері үшін жапониялық Синье Яманаке мен британдық биолог Джон Гердонға берілген еді. 10 қарашада, яғни ертең Корольдік швед академиясының Нобель комитеті химия саласындағы жеңімпаздың есімін жариялайтын болады. Сіздерге бұл жөнінде толығырақ мәліметті ертең беретін боламыз.
Дайындаған: Болат Қосмағамбет
Б. Қосмағамбет