Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әдебиет / Ақынның сүйікті бес кітабы - Ақберен Елгезекпен "Бірге оқимыз"

Ақынның сүйікті бес кітабы - Ақберен Елгезекпен "Бірге оқимыз"

Ақынның сүйікті бес кітабы - Ақберен Елгезекпен

ERG компаниясының қолдауымен Тengrinews.kz сайтында "Бірге оқимыз" жобасы басталған болатын. Бұл жобаның негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. Осы мақсатта Тengrinews.kz тілшісі алдағы уақытта жазушыларымыздың бес кітабын оқуға ұсынып отырады. Бұл жолы танымал ақын Ақберен Елгезектің сүйікті бес кітабын ұсынамыз.

Фёдор Достоевскийдің шығармалары

Ақынның айтуынша, Достоевский шығармаларының ыстығы әлі суымаған. Оның шығармалары негізінен философияда адам өмірі мен оның бостандығы, еркіндік, махаббат туралы және жақсылық жасау мен кешірім туралы жазылған.

Сондай-ақ ақын орыс мәдениетінің "күміс ғасырындағы" ақын-жазушылардың шығармаларын оқуға кеңес береді.

Пабло Нерудоның шығармалары

Image result for пабло нерудо

Пабло Нерудо - Чили ақыны, дипломат және саяси қайраткер. Нобель сыйлығының лауреаты, Чили халқының ақыны Пабло Неруда есімі қазақ оқырмандарына жақсы таныс. Ол 1953 жылы "Халықтар арасындағы бейбітшілікті нығайтқаны үшін" Халықаралық Лениндік сыйлықтың иегері атанған.

Мария Рилькенің шығармалары

Image result for мария рильке

Райнер Мария Рильке - Аустрия ақыны. Прагада туған, аустриялық азаматтығы болған, немісше жазған, Триестте, Парижде, Швейцарияда өмір сүрген. Қара сөз шығармалары да болған. 

Әдеби жұмыспен ерте айналысты. "Символдар кітабы", "Уақыт кітабы", "Жаңа өлеңдер" т.б. поэзиялық кітаптарын, "Мальте Лауридса Бриггенің жазбалары" романын тағы да басқа шығармаларын жазды. Райнер Мария Рилькенің бірқатар шығармаларында торығуылық пен сарыуайымшылдық жайлы мәселелер қозғалды. Ақынның айтуынша оның шығармашылығы өрлеу жолына түсуіне Ресейге келген сапарларындағы әсерлері үлкен рөл атқарды.

Брайан Гриннің "Элегантная вселенная" кітабы

Image result for брайан грин элегантная вселенная

Ақын тек көркем әдебиетпен шектеліп қоймай, сондай-ақ жаратылыстану ғылымдары бойынша кітаптарды көбірек оқуға кеңес береді. 

"Элегантная вселенная" - америкалық физик Брайан Гриннің ғылыми әдеби кітабы. 

"Қазір кванттық физикаға байланысты ғылыми жаңалықтар көп ашылып жатыр. Соларды көбірек білу керек. Себебі осыны білу арқылы адам өзін таниды, ал өзін тану арқылы жаратылысты да таниды", - дейді ақын. 

Шинтан Яу пе Стив Надистың "Теория струн" кітабы

Image result for Шинтан Яу пе Стив Надис "Теория струн"

Ақын оқуға кеңес беретін ғылыми стильде жазылған кітаптың бірі - Шинтан Яу пе Стив Надистың "Теория струн" кітабы.  

Бұл кітапты оқи отырып сіз ғалымдармен бірге ғылыми жаңалықтың ашылу жолына куә боласыз. Ақынның айтуынша бұл кітапта қызықты зерттеулер мен ғаламдық кеңістікке танымдық саяхат жасай аласыз.

Айта кетейік, Alash Media Group холдингі мен ERG компаниясы бірлесіп "Бірге оқимыз" атты жаңа арнайы жобасын бастаған еді. Бұл жоба аясында түрлі туындыларды оқуға дайын эстрада, кино және телевизия жұлдыздарының қатысуымен теле- және радиобағдарламалар шығады. "Бірге оқимыз" жобасының негізгі мақсаты - қазақстандықтардың жас буыны арасында кітап оқуды насихаттап, қазақ тіліндегі туындыларға қызығушылықты арттыру. "Бірге оқимыз" арнайы жобасы ERG компаниясының қолдауымен өткізіліп жатыр.

Сондай-ақ, ERG компаниясымен бірге "Талантты балалар", "Жеңімпаздар", "Батырлар арамызда" жобалары қолға алынған.

0
Рейтинг: +1

Дайындаған: Massaget
Қосылған күні: 02 тамыз 2019, 16:45

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз. 

--> --> -->