- Негізгі бет
- LifeStyle
- Бірдеңе жоғалтып алсаңыз,...
Бірдеңе жоғалтып алсаңыз, "жарайды, садақа" деу дұрыс па?
Кей адамдар бірдеңе жоғалтып алып, таба алмаса, "жарайды, ештеңе етпес, садақа" немесе "бәле-жала сонымен кетсін, садақам болсын" дейді. Бұлай айту дұрыс па? Бұл сұраққа Massaget.kz тілшісіне ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі жауап берді.
Шариғат бойынша, бұл садақаның талабына сай келмейді.
"Садақа беру деп Алла разылығы үшін ниеттеніп, адал еңбегі арқылы тапқан нәрсені заттай немесе қаржылай беру айтылады.
Ал жоғалтып алған затын шарасыз қалғандықтан ниеті болмай, разылықсыз садақа деп айту садақаның талабына сай келмейді. Себебі садақа дұрыс болуы үшін өз разылығымен, ниеті Алла разылығы үшін болуы қажет.
Дегенмен тауып алған адамға "садақа" деп ниеттеніп айтса, садақаның сауабын алады", - деді ҚМДБ Шариғат және пәтуа бөлімі.
Жүрегінен жібермеген адамның, яғни қимастығы болған адамның ниеті екінші тарапқа тек ауру мен қиындық әкелуі мүмкін. Себебі бұл жерде разылық жоқ. Сондықтан жоғалған затыңыздың табылмайтынын түсінген кезде шын ниетпен "садақа" деуге тырысыңыз. Бұл оны тауып алған адамға ауырлық әкелмеуіне, ал сіздің жеңілдеуіңізге көмектеседі.
Мас адамға садақа беруге бола ма?
Тағы да оқи отырыңыз: Адамдар қартайған шақта жиі өкінетін 5 нәрсе
А. Жапатова