Адамдар қартайған шақта жиі өкінетін 5 нәрсе

Адамдар қартайған шақта жиі өкінетін 5 нәрсе
Фото: pixabay.com

Жастық шақта өмірдің бар қызығы әлі алда деп ойлаймыз. Сондықтан біз қазіргіге аса мән бермей, көптеген істі кейінге қалдыра береміз. Бірақ есейгенде өткен қателіктерді ойлап, өкінгенше өз өміріңізді қазірден бастап қолға алған дұрыс. Адамдар қартайған шақта не нәрсеге жиі өкінеді?

1. Уақытты босқа өткізгені үшін

Көптеген ересектер уақытты бос жоғалтқандары үшін өкінеді. Бітпейтін кештер, жалқаулық, дұрыс емес қарым-қатынас: ересектердің көпшілігі өз уақыттарын тиімді қолданбағандары үшін өкінеді.

Сіз де бұл қақпанға түспеуіңіз үшін басымдылықтарды бірінші кезекке қойып, қандай мақсатқа жеткіңіз келетінін анықтаңыз. Жаңа тілдер үйренуге, спортқа, кітап оқуға және сізді дамытатын басқа да істерге көбірек уақыт бөлуге тырысыңыз.

2. Аз саяхаттағаны үшін

Көпшілік қарт кісілер жас кезінде аз саяхаттағаны үшін өкінеді. Адам саяхаттаудан керемет әсер алады, өзіне көптеген жаңалық ашады, мүлдем өзгеше тәжірибе ала алады. Бұл белгілі бір жағдайларда ғана келетін өмірлік сабақтар. Саяхаттау көп қаражатты қажет етеді деген - қате түсінік.

3. Денсаулыққа мән бермегені үшін

Жастық шақта бізге ағза әрқашан осындай мықты, сымбатты және сау болатындай көрінеді. Ал негізінде денсаулықты күтуді жас кезден бастау керек. Бұл сіздің есейген кезіңізде де жақсы көрінуіңізге және анық ойлауыңызға көмектеседі.

Спортпен айналысыңыз, таза ауада серуендеуден бас тартпаңыз, жүйелі түрде дәрігерлерге қаралып тұрыңыз, ауыз қуысы денсаулығына аса мән беріңіз. Бұлар сізді тонуста ұстап қана қоймай, сондай-ақ қандай да бір ауруларды алғашқы кезеңінде анықтап, уақытында емдеуге мүмкіндік береді.

4. Отбасыға және балаларына жеткілікті уақыт бөлмегені үшін

Отбасы – осы өмірдегі ең кереметтің бірі. Әр адам үшін өз отбасы, өз үйі әрқашан оның өмірінің маңызды бір бөлігі болып қалады. Бірақ кей адамдар отбасының қадірін кеш түсініп жатады. Ал біреулер жақындарын қатты жақсы көрсе де, ол жайлы ашып айта бермейді. Алайда көпшілік адам қартайған шақта уақытында жақындарына қажет қолдау мен махаббат көрсете алмағаны үшін өкінеді.

5. Жақсы көрмейтін іспен айналысқаны үшін

Қартайған шақта көпшіліктің жанын жегідей жейтін нәрсе – олардың өмір бойы ұнамайтын іспен айналысқаны.

Мамандық таңдау — әр адамның өміріндегі ең қиын және жауапты сәттердің бірі. Әрине, қазір заман бөлек: қай кезде болмасын не нәрсені болса да, тіпті, үйден шықпай-ақ үйренуге мүмкіндік бар. Бірақ бұл мамандық таңдаудың маңыздылығын жоққа шығармайды. Ересектер бір кездері өз армандарынан бас тартып, ата-анасының айтқанымен жүргендері үшін жиі өкінеді. Соның салдарынан өмір бойы өз жұмысын жақтырмай, кәсіби тұрғыда бір орында "тұрып қалады".

Мамандықты өзіңнің қалауыңа, біліміңе және дағдыларыңа қарай таңда. Өзіңнің өмірлік жолыңды анықтау кезінде басқалардың тәжірибесіне азырақ мән беріп, өзің үшін шынымен де маңызды нәрсе туралы ойла.

Жұмыста күніңіздің көп уақыты кетеді, егер ол жұмыста өзіңізді қажет сезінбесеңіз, қазірден бастап шаралар қолданып, әрекет етіңіз.

Өзіңізге мына сөздерді ешқашан айтпаңыз

А. Жапатова