Химия сабақтары: қышқылды сілтіден қалай ажыратуға болады?

Химия сабақтары: қышқылды сілтіден қалай ажыратуға болады?
Фото: freepik.com

Адамның бар тұрмысы химиямен тығыз байланысты. Тұрмыстық химиядан бөлек, табиғаттағы химия және өндірістік химия ұғымдарын жиі кездесетіреміз. Қышқыл және сілті (негіз) физикалық тұрғыдан бір-біріне қатты ұқсайды. Химиялық жағдайда олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен айырмашылықтары бар.  

Қышқыл дегеніміз не?
Қышқыл - химиялық қосылыс. Оның молекуласында бір немесе бірнеше сутегі атомы мен қышқыл қалдығы болады. Негізгі ерекшеліктері:
• Қышқыл дәм
• Лакмус көкшіл түсті ерітіндіні қызыл түске бояйды.
• Молекуласында бір не бірнеше сутегі атомының болуы және металл элементтерімен байланыс кезінде тұз түзеді.

Қышқылдың негізгі қасиеттері:
Қышқылдардың негіздермен рекациясы: Мұны химияда бейтараптану реакциясы деп атайды. Өйткені нәтижесінде су мен тұз түзіледі. Қышқыл қалдығы еш өзгеріссіз қалады. Одан бөлек, бейтараптану реакциясын жүргізетін екінші зат – су. 

Негіздің оксидтермен реакциясы: Негіздің оксидтердің химиялық ерекшелігі сілтілерге ұқсайтындықтан, олармен де бейтараптану реакциясы жүреді. Нәтижесінде тұз бен су түзіледі. Тот басқан темірді (темір оксиді) тазалау үшін фосфор қышқылын қолданады. Фосфор қышқылы металл бетіндегі оксидті өзіне қосып алады да, темірдің өзімен өте баяу реакцияға түседі. Темір оксиді FePO4 тұз ерітіндісіне айналады. Кейін оны түзілген сумен шайып жібереді.  

Қышқылдың металдармен реакциясы: Қышқылмен реакцияға түсу үшін металл белсенді болуы керек. Мысалы, алтын, күміс, мыс секілді ауыр металдар тобы қышқылмен реакцияға түспейді. Ал, натрий, калий, кальций, мырыш секілді металдар қышқылмен белсенді түрде реакцияға түсіп, газ тектес сутегі мен жылу бөледі. 

Сілті деген не?
Сілті дегеніміз – суда еритін негіздер тобы. Ол металл мен гидроксотоп тобының (OH⁻) қосындысынан тұрады.

Физикалық қасиеті: негіз қышқылдары суда көпіреді. Олар теріні, қағазды ерітіп жібереді. Егер ашық денеге тиген жағдайда күйдіріп, жара қалдырады. 

Қышқыл мен сілтіні қалай ажыратамыз?

Қышқылды сілтіден айыру үшін индикаторлар көмегіне сүйенеміз. Бүгінде заттың ортасын анықтау үшін қолданылатын индикаторлар жеткілікті. Индикаторлар ешқандай реакцияға түспейді. Олар тек түсін өзгертеді. Оның себебі, қышқылдық және негіздік ортада индикатор молекулаларының құрылысы құбылып отырады.

Т. Есқали