Жасыл химия нені көздейді?

Жасыл химия нені көздейді?

Жасыл химия – қоршаған ортаға зиянын тигізбей, керісінше жетілдіруге бағытталған тұтас химияның ғылыми бөлігі. Бұл бағыт XX ғасырдың 90-жылдары пайда болды.

Химиялық реакциялар мен үрдістер әлемнің кез келген зертханасында толассыз іске асады. Бірақ, соңғы жылдары өндірушілер қауіпті элементтер мен зиянды қалдықтарды өндіретін химиялық реакциялармен жұмысты азайта отырып, оны өндірудің өзге жолдарын іздеуге кіріскен. 

1998 жылы П.Т. Анастас және Дж.С. Уорнер "Жасыл химия теориясы мен тәжірибесі" кітабында "Жасыл химияның" негізгі 12 қағидасын атаған болатын.

Бұл қағидалар негізінде жұмыс істеу экономикалық әрі экологиялық тұрғыдан өндіруші мен адамзаттың дамуына септігін тигізеді.

1. Қалдықтарды қайта өңдеп, тазалағанша, шығындарды болдырмау керек.
2. Синтездеу әдісін таңдағанда процессте қолданылған барлық материалдар соңғы өнімге максималды айналатындай әдісті таңдау керек.
3. Синтездеу әдісін мүмкіндігінше пайдаланылған және синтезделген заттардың барлығы адам мен қоршаған ортаға зиянсыз болатындай таңдау керек.
4. Жаңа химиялық өнім жасау кезінде бұрынғы жұмыс тиімділігін сақтай отырып, улылық мөлшерін азайту керек.
5. Өндірісте жанама заттар, еріткіштер немесе бөлгіш агенттерді қолданбауға тырысу қажет. Егер оларсыз мүмкін емес болса, онда олар зиянсыз болуы шарт.
6. Міндетті түрде энергетикалық шығындардың және олардың қоршаған ортаға әсерін, өнімнің құнын ескеру қажет. Синтездеу барысында қоршаған орта температурасына жақын температурада және атмосфералық қысымда жүргізген дұрыс.
7. Бастапқы және жұмсалған материалдар қалпына келетіндей болуы тиіс. Сонда ғана экономикалық және техникалық жағынан тиімді болады.
8. Мүмкіндігінше аралық өнімдер алынбайтын болуы тиіс.
9. Әрқашан каталитикалық үрдіс жүруі шарт.
10. Химиялық өнім оны қолданғаннан кейін қоршаған ортада қалмай, қауіпсіз өнімге дейін ыдырауы тиіс.
11. Аналитикалық әдісті дамыту керек. Себебі, белгілі бір уақытта түзілетін қауіпті өнімдерді қадағалау үшін қажет.
12. Химиялық үрдістерде қолданылған заттар мен олардың түрлерін таңдағанда химиялық қаупі (жарылыс, өрт, қопару) минималды болатындай таңдау шарт.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
Итбегілік өнері ресми спорт түріне қосылуы мүмкін
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
ФИФА ұлттық құрамада ойын өткізген футболшыға өзге құрамаға ауысуға рұқсат етті
20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды
20 жыл ішінде әлем 100 миллион гектар орманнан айырылды
Әлемнің ең кәрі тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты
Әлемнің ең кәрі тұрғыны өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд жаңартты
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
"Балмұздақ, зейнетақы, көкжиек": Ісләм Жарылғаповтың сөз маржандары
Тәбәрік деген не?
Тәбәрік деген не?