Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Мәлім де беймәлім химиялық элементтер

Мәлім де беймәлім химиялық элементтер

Мәлім де беймәлім химиялық элементтер

2019 жыл Қазақстанда "Жастар жылы" болса, Біріккен Ұлттар Ұйымының бас ассамблеясы ағымдағы жылды халықаралық деңгейде "Химиялық элементтердің периодтық кестесінің жылы" ретінде қабылдады. Периодтық кестені Дмитрий Менделеев 1869 жылы ұсынған болатын. Содан бері ол әлі өзектілігін жоғалтқан емес әрі үнемі жаңарып отырады (2016 жылы жаңа 4 элемент қосылды).  

Калий:
Банан жемісінің құрамында -40 калий ионы көптеп кездеседі. Бізге байқалмағанмен, бананның ішінде химиялық реакция жүреді: бір банан күніне он рет -40 калий ионы электронға қарсы бағытталған позитрон өндірсе, электронның өзін секундына 13 рет түзеді.

 

 



Уран
1896 жылы Француз физигі Анри Беккерель уран тұзын фотопластинкаға орналастыру арқылы оның радиоактивті екенін анықтаған және осы еңбегі үшін 1903 жылы Нобель сыйлығын иеленді. Уран табиғатта кездесетін кестедегі  соңғы элемент. Қалғанын тек лабораториялық жолмен алады.

 

 

 

 

Алтын
Альберт Эйнштейннің салыстырмалық теориясы алтын түсінің сары болуын түсіндіріп бере алады. Салыстырмалылық теориясы негізінде электрон энергиясы ығысатындықтан, металл көк түсті жұта отырып, сары түске енеді.

 

 

 

 

Сынап
Саяхатшы Меривезер Льюис пен Уильям Кларк XIX ғасыр басында Тынық мұхиты экспедицияға аттанды. Олар өздерімен бірге саяхаттан 1300 мөлшерде сынап негізінде жасалған дәрмек алып келеді. Монтана штаты, Лоло аймағында табылған сынап екі жүз жылдан соң, саяхатшылар мен зерттеушілер лагерін анықтауға мүмкіндік берген.  

 

 

 

Галлий
Менделеев бастапқы кестенің сызбасында ерекше элементтерді дұрыс орналастыру үшін бос орындарды қалдырып кеткен болатын. Сол бос орындардың бірін толықтырған – галий элементі. Бұл элементтің ерекшелігі бөлме температурасында қатты металл қасиетіне ие болса,  29,7 ° температурадан жоғары сұйық қасиетке ие. Ол адам қолында, ыстық шайда оңай ериді.

 

 

 

Гелий
Гелий  жерден табылмас бұрын алғаш рет 1868 жылы күн сәулесінің ашық сары спектрлі толқынында байқалған. Ал, 2018 жылы зерттеушілер экзо-ғаламшардың атмосферасынан гелий элементін тапқан болатын.

 

 

 

 

Хлор, Бром, Йод
Неміс химигі Иоганн Вольфганг Доберейнер  бұл үш элементті "Триада" деп атаған. Бромның атомдық массасы 79,90 болса, хлор – 35,45, ал, йод – 126,60. Бұлардың ерекшелігі олар металлмен еш қиындықсыз реакцияға түсіп, тұздар түзеді.

 

 

 

Oganesson
Oganesson асыл газдар қатарына жатады. Бұл элемент электрондарды оңай алып, оңай береді. Оның атомы ылғи өзгеріске ұшырап отырады. Тұрақты атомның өзі бірнеше миллисекунд қана тіршілік етеді.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: chudesamag.ru
Қосылған күні: 14 ақпан, 09:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.