Қазақстанда қанша мың студент бар?

Қазақстанда қанша мың студент бар?
Фото: redsearch.org

Елбасы бастамасымен 2019 жыл "Жастар жылы" деп жарияланды. Сол жастардың басым бөлігі студенттер екені анық. Ал елімізде қанша мың студент бар? Осы сұраққа жауап іздеп көрдік. 

Қазақстандағы жалпы студенттер саны 542 458 адамды құрайды. Бұл туралы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің статистика комитеті хабарлады.

2018/2019 оқу жылының басынан Қазақстан Республикасында 128 жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) жұмыс істейді. Яғни, филалдарын қоса алғанда. Меншік нысаны бойынша 45 ЖОО мемлекеттік болып табылады. Оның ішінде 79-ы жеке ЖОО болса, шетелдік меншік нысанымен  4 ЖОО бар.

Қазіргі таңда Қазақстандағы жалпы студенттер саны 542 458 адамды құрайды. Олардың ішінде 292 231 қыз бала. Бұл 53,9 %-ға тең. Биыл студенттердің саны өткен оқу жылымен салыстырғанда 9,3%-ға көбейді.

Ағымдағы оқу жылында 163 336 адам қабылданған.  Әр түрлі себептер бойынша оқыту мерзімі аяқталғанға дейін 51 779 студент оқудан шыққан. Бітіргендер саны 130 691 адамды құрайды.

Студенттердің жалпы санынан 73,6% оқытудың күндізгі оқу нысаны бойынша оқиды, 19% – сырттай және 7,4% – кешкі. Мемлекеттік білім беру гранттарының есебінен 162 877 адам білім алуда, бұл студенттердің жалпы санының 30% құрайды, ақылы негізде – 379581 адам немесе 70% оқиды.

Мемлекеттік тілде оқитын студенттердің үлесі 64,5%-ды, орыс тілінде 31%-ды және ағылшын тілінде 4,5%-ды құрайды.

Бітірген білікті мамандар 130691 адамды құрады, бұл 2017/2018 оқу жылымен салыстырғанда 2,8 %-ға (127084 адам) артқан.

- Штаттағы профессорлық-оқытушылық құрамның саны 38275 адамды құрайды. Оның ішінде қоса атқарушылықпен 5630 оқытушы жұмыс істейді. Жалпы профессорлық-оқытушылық құрамнан 8,4% қызметкерлердің ғылым докторы ғылыми дәрежесі бар. Ғылым кандидаты – 33,7%, профессор атағы – 6% және доцент – 14,8%. Магистр академиялық дәрежесі бар оқытушылардың саны – 12337 адам немесе 32,2%, философия докторы (PhD) және бейін бойынша доктор – 2379 адам немесе 6,2%, - деп жазылған ресми хабарламада.

О. Сансызбай