Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Жаратылыстану / Жапондар жұлдыздардан жасанды метеор жаңбырын жаудырмақ

Жапондар жұлдыздардан жасанды метеор жаңбырын жаудырмақ

Жапондар жұлдыздардан жасанды метеор жаңбырын жаудырмақ

Ғарыштағы жұлдыздардың тылсым әлемін тамашалауды ұнататын адамдар үшін жақсы жаңалық. Жапондық ALE компаниясы жұлдыздар жаңбырын қолдан жасауды жоспарлауда. Егер бұл жоба іске асса, көктегі кеңістік әуесқой астрономдар үшін ашық дисплейге айналатын болады.

Аталған компания жапон университеттерімен бірігіп, атмосфераның сыртқы қабатына жасанды спутниктерді жіберуді жоспарлап отыр. Ұшырылатын аппараттардың миссиясы 500 шақырым биіктіктен жасанды метеорларды жаудыру болмақ. Табиғи метеор тығыздығы бойынша арнайы дайындалатын шарлар атмосфераны жарып өту кезінде жана бастайды. Нәтижесінде көрермендер жанып жатқан метеор көрінісін көретін болады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, аталған іс-шараның өту уақыты алдын ала ресми хабараланбақ. Ал мәліметке ие болған Жердің кез келген тұрғыны ғажап көріністі тамашалау мүмкіндігіне ие болады. Ал шарлар Жерге түскенше толығымен жанып бітетіндіктен, одан адам баласына еш қауіп төнбейді.

Расында, метеор жаңбыры – өте сирек орын алатын құбылыс. Мұны ескерген ALE астрономдары бұл жобаның барынша табиғи кейіпте орын алуын қамтамасыз етпек.

Әзірге құрастырылып жатқан спутниктер Жер орбитасы бойымен қозғалып, 500 шақырым биіктікке дейінгі шамада айналым негізін құрайтын болады. Оның қызмет көрсету мүмкіндігі бірнеше айға ғана жоспарлануы ықтимал. Ал уақыт өткеннен кейін спутник ауа ағымында жанып кетпек.

Дайындаған: Жолдас Өрісбай
Фото: www.meteoprog.ua
Қосылған күні: 30 маусым 2015, 19:10

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.