Оқи отырыңыз

Ісіңізге, еңбегіңізге, оқуыңызға нағыз адамгершілікпен қарасаңыз, сөз жоқ, жеңіске жетесіз.

Автор: Қаныш Сәтбаев

— Редактор бағаны —

Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді
Массагетте пікір қалдыру мен блог жазу ережесі өзгерді

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Студенттік өмір / "Шетелдегі студент": Бөгде елге әлі үйреніп жүрмін

"Шетелдегі студент": Бөгде елге әлі үйреніп жүрмін

"Шетелдегі студент" жобасының қонағы өзінің аспан асты елінде алып жатқан білімі мен тәжірибесімен бөліспек. Іске сәт!

уууу

Берекет Амандықов
Шанхай Ғылым жəне Технология Университеті, "Автоматтандыру" мамандығы

Қазақстанда жүргенде: 
Мен қарапайым, орта үлгерімді оқушы едім. Білім алу үшін Малайзияға баруды жоспарладым. Кейін ағылшын тілімен қатар, қытай тілін меңгерудің артықшылықтарын аңғара бастадым. Шағын сараптамалық жұмысым таңдауымды өзгертуіме септігін тигізді.

Алдымен, Қытай Халық республикасының оңтүстігіндегі Нанкин қаласына бардым. Сол қалада білім алдым. Ұшақтан шыққан бойда, мені күтіп тұрған тропикалық ауаны аздап жатсынып, бірақ көнуге тура келетінін ұқтым. Дегенмен, айтарлықтай жатырқау сезімі болмады. 

Кез келген жаңа ортаға тап болған адамның жан-жағына жалтақтай беруі, таңданыс білдіруі – табиғи заңдылық. Үйреніп кеттім деп айта алмаймын, әлі үйреніп жүрмін. 

Шетелде жүріп кездестірген басты қиындығым – достарымның нөмірін ұмытып қалғаным. Ал, тамаққа келетін болсақ, тәбетім тартпаса тағамның дәмін көрмеймін. Демек, әлі дәмсіз тамақты жемедім. 
ввввЕң қызық сәттер... 
Бір жолы Үрімші қаласына барып, әрі қарай Шанхай қаласына ұшуым керек еді. Үрімшіге жеткен соң билеттердің бітіп қалғанын білдім. Осылайша, Үрімші маңында таулы өлкеде тұратын қазақтардың ауылындағы ағамның үйінде бір аптаға жуық қонақ болдым. 

Қазақстанды сағынамыз ба? Әрине, жырақта жүргенде сарғайған сағыныштың құрбаны боламыз. 

Ал, жастарға шетелде білім алуға кеңес беремін. Бірақ, алдымен, жастар өзіне не керек екенін ұғынса, шағын зерттеу жүргізіп, болашағына қандай септігін тигізетінін біліп келсе жақсы болар еді. Әсіресе, өзінің қабілеті мен қызығушылығана сай таңдау жасаса оқу да, мансап та сәтті болмақ. 

Елге ораласыз ба? 
Әлбетте. Сарп еткен уақытым да, басқасы да елім мен жерімнің мүддесі үшін. Пайдалы азамат болсақ деген кіршіксіз пейіл ғана. 

Қиындықтармен күресемін... 
Басқа салмасын, салса сабырлық танытып, өзінен де қиын халге душар болған жандардың барын білудің өзі керемет тәрізді. Себебі, қиындықтар тек қайрап, жігерлендіріп, ұмтылысыңды ұштап отырады. 

Шетелдік және қазақ достарым: 
Бұрындары біз ойлаған ойлар шетелдіктердің басына келмейді деуші едім. Кейіннен тілдескенде біз білгенді біліп, сөйлегенді сөйлейтініне көз жеткіздім. Тек салт-санасына байланысты әртүрлі ойлап, түрліше шешім қабылдайды екен. Бұдан басқа айырмашылық та, артықшылық та жоқ.

Рейтинг: +4

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: facebook.com
Қосылған күні: 12 наурыз, 10:02
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.