"Болашақ" түлектері игеруі тиіс 4 компонент

Әлемде жұмысқа жарамды адамдардың 35-40 пайызы жұмыссыз немесе жартылай жұмыспен қамтылған. McKinsey сараптамалық компаниясының зерттеуіне сенсек, тек АҚШ, Жапония, Қытай, Үндістан, Ұлыбритания мен Германия елдерінде 850 миллион жұмысқа жарамды, бірақ жұмыссыз жүрген азаматтар бар екен. Олардың қатарына жұмыссыз, жартылай жұмыс күнімен немесе фрилансер ретінде еңбек ететін азаматтар кіреді.

Қазақстандағы еңбек нарығында да өз мамандығы бойынша еңбек етпейтіндердің қатары көп. Олардың басым бөлігі бір мамандықты иемденіп, қоғамдағы сұранысқа байланысты екіншісін игеріп алған. Ал "Болашақ" бағдарламасымен шетелде біліп алып келгендер Қазақстанға қандай пайда келтіріп отыр? Бұл туралы Астана Халықаралық Қаржы Орталығының атқарушы директоры Саясат Нұрбек айтып берді.

"Кез келген маман өз саласында жылдам үдерісті көрсету үшін 4 компонентті  игеруі керек. Егер сізде жергілікті әрі шетелдегі теориялық білім мен жергілікті әрі шетелдегі практикалық білім болса, сіз өз еліңізге айтарлықтай көп нарсе жасай аласыз. Яғни, сіз Қазақстанда базалық білімді (бакалавр) меңгеріп, біршама уақыт елде еңбек етіп, сосын шетелге білім алуға барсаңыз, сонымен қатар, қосымша ол жақта өз салаңыз бойынша еңбек етіп үлгерсеңіз, екі жақтың өндірісін салыстыра аласыз. Сәйкесінше, ең тиімді жақтарын өз тәжірибеңізден өткізіп, оны елімізде жүзеге асыра аласыз", - дейді Саясат Нұрбек.

Саясат Нұрбек (сол жақта) Spring Syngapore компаниясының жетекшісі, белгілі ментор Филип Йеомен (оң жақта) бірге

Нұрбек мырзаның айтуынша, үлгі бола алатын Болашақ түлегінде осы 4 компонент болуы тиіс. Ол үшін Болашақ бағдарламасымен оқуға бармас бұрын Қазақстандағы өз салаңыздың теориясы мен практикасын меңгеріп алу керек.

"Бастапқыда біз "Болашақ" бағдарламасы бойынша еліміздің мектеп түлектерін бакалавр деңгейін алуға жіберіп отырдық. Бұл үлкен қателік болды. Себебі олар Қазақстанда білім алып, ел нарығын сезініп үлгерген жоқ. Нәтижеде, бірден дамыған елдің құрылымдық деңгейі мен стандарттарын үйреніп қайтты. Содан кейін елге келіп, үйренгенін жүзеге толық асыра алмайды", - дейді Саясат Нұрбек.

Нұрбек мырзаның айтуынша, "Болашақ" бағдарламасынан бакалавр деңгейін алып тастау ұтымды нәтиже бере бастаған. Себебі қазақстандықтардың базалық білімді алдымен елімізде игергені жөн. Қазақстанның ішкі құрылымы мен өзіндік стандарттарын меңгеріп алғаннан кейін ғана шетелде білімі мен біліктілігін арттыруы жоғарыда айтылған 4 компонентті құрауға негіз болады.

"Сондықтан шетелде оқуға асықпаңыздар. Алдымен елдің ішкі нарығын меңгеріп алған жөн. Сосын салыстыру мүмкіндігіне ие боласыздар. Сонда ғана, елге оралған соң, бар потенциалыңызды 100 пайызға дейін пайдалана аласыздар", - Саясат Нұрбек.

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Ақан Сатаев "Қазақфильм" АҚ президенті қызметіне тағайындалды
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Жаңа рекорд: Спорт тарихындағы ең қомақты келісімшарт
Галстук эволюциясы
Галстук эволюциясы
Журналистика: IT университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Журналистика: IT университетіне қалай оқуға түсуге болады?
Әлемдегі ең үлкен көлік
Әлемдегі ең үлкен көлік
Әлемдегі алғашқы мұзжарғыш яхта жасалды
Әлемдегі алғашқы мұзжарғыш яхта жасалды