Неге барлық бояуды қосқанда қоңыр түс шығады?

Неге барлық бояуды қосқанда қоңыр түс шығады?
Фото: pixabay.com

Неге барлық түсті қосқанда ақ емес, қоңыр түс пайда болады? Ақ түстің құрамында барлық түс бар емес пе? Егер әңгіме не жайында екенін түсінсеңіз, сізді де бұл сұрақ ойландыратын болар.

Жарықтың ақ сәулесі – барлық түсті біріктіретін спектр, мектепте физика пәнінен осылай оқыдық емес пе? Онда неге палитрада барлық түсті қоссақ, ақ емес, басқа бір қою, қара қоңыр түс пайда болады?

Себебі біз түстерді емес, бояуды араластырамыз, басқаша сөзбен пигменттерді деуге де болады. Егер әртүрлі ұзындықтағы түс толқындарын қосар болсақ, түстердің қабаттасуынан, шынында да соңында бір тұнық ақшыл сәулеге жетеміз. Ал пигменттер жағдайында, керісінше, түстер азайтылады. Пигменттің әрқайсысы тек өзіне көрінетін спектр бөлігін бейнелейді. Нәтижесінде, түстерді қосқан сайын адам көзі түстік толқындарды көруі азая түседі, ал бояу қосындысы қара түске жеткенше  қоюлана береді. Түстерді араластыруда айтылған бірінші тәсіл – аддитивті деп, ал екіншісі – субтрактивті араластыру деп аталады.  

@. @assel_assanova