"NauryzPhoto" конкурсы. 7 қатысушы конкурстан шеттетілді

Massaget.kz сайты ұйымдастырған "NauryzPhoto" тақырыбындағы фотоконкурс жалғасуда. Үшінші кезең бойынша конкурс ережелерін сақтамай, қосымша дауыс жинаған үміткерлер анықталды. Нәтижесінде ұйымдастырушылар шешімі бойынша 7 қатысушы жарыстан шеттетілді. 

Фотоконкурстың үшінші кезеңіне 17 үміткер өткен. Дауыс беру 10 сәуір күні басталды. Кей қатысушылардың нәтижесі күмән тудырып, ІТ мамандар тексеруіне ұсынылды. Нәтижесінде 7 бірдей қатысушының қосымша техникалық мүмкіндіктер арқылы дауыс жинағаны белгілі болды. Бұл бастапқы ережеде жазылғандай, дауысты қосымша бағдарламалар арқылы жинауға қатаң тыйым салынады және ережеден аттаған қатысушы конкурстан шеттетіледі.

 

Қатысушылардың дауыс жинаудағы кей әрекеттерінің дәлелі

Фотоконкурс қалған 10 қатысушы арасында 16 сәуір күні сағат 23:59-ге дейін жалғасады. Жеңімпаз Дубайға баратын екі жолдамаға ие болады. Қатысушыларға сәттілік тілейміз!