"NauryzPhoto" конкурсы. Дауыс беру кезеңі басталды!

"NauryzPhoto" конкурсы. Дауыс беру кезеңі басталды!

Massaget.kz сайты ұйымдастырған "NauryzPhoto" тақырыбындағы фотоконкурстың үшінші кезеңі басталды. Бұл кезеңде конкурс жеңімпазы дауыс беру бойынша анықталады. Жеңімпаз Дубай жолдамасына ие болады.

Дауыс беру 7 күн ішінде, 10 сәуір 19:00-ден 16 сәуір 23:59-ға дейін Massaget.kz сайтында онлайн өтеді. 

Сайт редакциясы конкурсқа қатысушылардың жұмыстары мен өтініш-тілектерін ескере отырып, кей ереже мен талаптарға өзгерістер енгізді. Фотода қатысушының өзі болуы міндетті емес және балаларының фотосын жолдаған ата-аналар өз атынан қатысады. 

Осыған байланысты шарттарға толық сәйкес келген 17 суретті іріктеп алдық.

Үшінші кезеңде дауысты қосымша бағдарламалар арқылы жинауға қатаң тыйым салынады. Ережеден аттаған қатысушы конкурстан шеттетіледі. 

Конкурсқа қатысушыларға сәттілік тілейміз. Сыйлық ақшалай берілмейді.

О. Сансызбай