Massaget.kz мобильді қосымшасын қалай пайдаланамын?

Massaget.kz мобильді қосымшасын қалай пайдаланамын?
Фото: massaget.kz

Құрметті массагеттіктер! Көптен күткен Massaget.kz мобильді қосымшасы іске қосылғанын қуана хабарлаған едік. Ақжарма тілектерін жаудырып жатқан барша оқырмандарымызға алғыс білдіреміз. Бірер күн ішінде қосымшаны 1000-ға жуық адам жүктеп үлгерді. Қуанышты жаңалықты алғаш бөліскенде қосымшаны қолдану туралы видео нұсқаулық жарық көретінін жазған болатынбыз. Бұл видео да дайын. Назарларыңызда – «Massaget» мобильді қосымшасының видео нұсқаулығы.

Бұл видеода сайттың бас редакторы Ербол Жұмабайұлы сіздерге Массагет қосымшасын қалай қолдану керектігін түсіндіреді. Төмендегі бағдарламада қай секундта қандай ақпаратқа қанығатыныңыз туралы ақпарат береміз.

00:30 – Google Play жүйесінен жүктеу
01:14 – Негізгі айдарларға шолу
03:00 – Блогтар бөлімін пайдалану және оның маңызы
03:28 – Басты бет мүмкіндіктері, таңдаулыға қосу
04:00 – Пікір жазу жеңілдігі
05:15 – Баптаулар.

Қосымшадан қателіктер байқасаңыз, бізге (massaget.kz@gmail.com электронды поштасына) хабарлаңыз. Біз дереу түзетіп, алдағы уақытта әлі де жетілдіріп отырамыз!

@. @assel_assanova