Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Фото: massaget.kz

Құрметті массагеттіктер! Қуанышты жаңалықты сіздермен бөлісуге асық болып отырмыз. Көптен күткен Massaget.kz мобильді қосымшасы іске қосылды. 

Бүгінге дейін сайттың экранға бейімделетін нұсқасын қолдансаңыздар, енді Массагет мақалаларын мобильді қосымша арқылы оқи аласыздар. Расында бұл қосымшаны бәріміз көп күттік. Оқырмандарымызға сайттың 6 жылдығы қарсаңында жақсы бір сыйлық болды деп ойлаймыз. Себебі, соңғы бір жылда осы өтінішпен редакцияға көптеген хат келіп түсті. 

Қалай жүктеймін? 
Play Market (Google Play) қолданбалар дүкенінде оңай орнатуға болады. Немесе мына сілтемеге өту арқылы жүктей аласыз. 

Қалай қолданамын?
Мобильді қосымшаны жүктегеннен кейін, қысқаша нұсқаулықты көресіз. Сол нұсқаулықты мұқият қарап шығыңыз. Бүгін қосымшаны қолдану туралы видео нұсқаулық жарық көреді. 

Не себепті тек Android операциялық жүйесіне арнап жасадық? 
Әзірге тек Android-та жасауымыздың себебі елімізде жыл басында смартфон қолданушыларының 73,16%-ы Android-ты пайдаланса, 23,53%-ы IOS-ты тұтынған. Ал Google Analytics платформасына сенсек, порталымызға смартфон арқылы кіретін оқырмандардың Android-ты пайдаланатындары 84,83%-ды құрайды екен. Ал 15,17%-ы IOS жүйесін пайдаланады. Осы үлес салмақты есепке алып, бірінші кезекте Android-та іске қосуды жөн санадық. Бірақ, болашақта Apple қолданушыларын да қуантамыз.

Хат жолдаңыз...
Қосымшаға байланысты сұрақтарыңыз не ұсыныстарыңыз болса, хат жолдаңыз (massaget.kz@gmail.com), пікір жазыңыз. Алдағы уақытта талап-тілектеріңізді ескеріп, мобильді қосымшаны жаңартып отырамыз. Сіздердің ойларыңыз біз үшін аса маңызды!

Ал мобильді қосымшаларыңыз құтты болсын!

Е. Жұмабайұлы