Peugeot автоконцернінің эмблемасында не үшін мысық бейнеленген?

Peugeot автоконцернінің эмблемасында не үшін мысық бейнеленген?
Фото: www.allcarbrandslist.com

Францияда 1789 жылғы төңкеріске дейін феодалдық үкімет билік құрған. Капитализмнің арғы атасы болған дәуірде байлар өздері еншілеп алған жерлерін ұрпақтан-ұрпаққа қалдырып отырған. Ал Наполеон төңкерісі мұның бәрін жоққа шығарып, жер шаруаларға беріледі. Бұл үдерістен тек Монако князьдығы аман қалады. Қазір Монаконың тәуелсіз ел екені белгілі.

Төңкеріс жылдары Монбельяр жеке статусқа ие қалалардың беделдісі еді. Ол Францияның шығысында орналасып, Швейцария елімен шектесіп жатты. Төңкерістен кейінгі уақытша үкімет бүкіл елдің дербес аймақтарына әскери экспедиция ұйымдастырып, федолизмді жоюға бет бұрады. Ал мұны естіген Монбельяр феодалдары шекара асып кеткен. Төңкерісшілер болса, қамалды алып, қарсы келген тірі жанды дарға асу туралы қаулы шығарады. Мұны естіген қала тұрғындары үйлерінен шықпай бекініп алады. Кенет Монбельярдың бас алаңында мысық пайда болады. Төңкерісшілер қаулыны орындау мақсатында еш ойланбай мысықты дарға асады. Ал Парижге кімнің асылғаны маңызды емес еді. Бастысы қала азат етілді.

Кейбір деректер қарсы шыққан мысық емес, адам болғанын айтады. Дегенмен оның тарихи шындығы ғасырлар қойнауында қалып қойған болатын. Аңызға сенгіш француз халқы Монбельяр қаласының елтаңбасына мысықтың бейнесін енгізеді. Бүгінде бұл мысықтың арыстандай кейпін Peugeot автомобильдерінің эмблемасынан да көруге болады. Француздың көлік құрастыру концерні батыр мысықтың қаласы Монбельярде орналасқан. 

Ұқсас жазбалар: 

Mercedes маркасының тарихы

Көлік атауларының тарихы

Ж. Өрісбай