Mercedes маркасының тарихы

Mercedes маркасының тарихы

Mercedes маркалы көліктерді шығаратын Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясының тарихы 1900 жылдан бастау алады. Компания автокөліктерден басқа кеме және ұшақтарға арналған қозғалтқыштарды жасаумен айналысатын. 1909 жылы пайда болған үш сәулелі белгі - сол кездегі компанияның суда, құрлықта, ауада жеткен жетісіктерінің символы ретінде танылды. 1926 жылы Daimler және Benz компаниялары қосылып кетеді, нәтижесінде марканың белгісі лавр жапырағымен кескінделеді. Бұл белгі қазіргі кезде де қолданыста.                                           

                                                      Готтлиб Даймлер                                                                                                 

1901 жылдан бастап Mercedes маркасы Daimler-Motoren-Gesellschaft компаниясы шығарған көліктердің сауда белгісі ретінде таныла бастады. Оның негізін салушы Готтлиб Даймлер тұңғыш рет 4 дөңгелегі бар бензиндік мотор орнатылған көлікті 1885-1886 жылдары жасаған. Ол компанияны Штутгард маңындағы Бад Каннштат қалашығындағы шеберханасының негізінде құрған. 1899 жылы Вильгельм Майбах Даймлердің бірінші көліктерін шығаруға белсенді түрде қатысады. Оның жасаған Рhоеnix-Daimler көлігі 4 цилиндрлі, қуаты 24 а.к. болатын қозғалтқышпен жабдықталды. Қозғалтқыш көптеген техникалық ақаулықтарға толы болды. Сол кезде компанияның дамуына Франция еліндегі Даймлер компаниясының өкілі Ниццадағы Австро-Венгрияның консулы Эмиль Еллинек үлес қосқан болатын. Ол Майбахқа жаңа көлікті шығаруды ұсынған. Көп ұзамай жаңа көлік дайын болған. Еллинектің ұсынысы бойынша көлікті қызының атымен Мерседес деп атап кеткен.

                                                                                                   

Еллинек және оның қызы Мерседес

 Алғашқы Mercedes-35Р5 4 цилиндрлі, мотордың пайдалы жұмыс көлемі 5913 куб.см құрып, құрылғыларының орналасуы классикалық стилде болған екен. Көліктің сыртқы пішіні де классикалық түрде орындалған. Осы үлгі 1902 жылдан бастап Mercedes-Simplex сауда белгісімен шығарылған көліктердің негізі ретінде танылды. Топтаманың ең танымал өкілдеріне: 40/45PS және 60PS үлгілерін жатқыза аламыз. Қозғалқыштардың көлемі 6785 және 9235 куб.см-ді құрып, көліктің максимал жылдамдығы 90км/сағ.-қа дейін жеткен. Кейінгі жылдары Dаimler компаниясы осындай жеңіл автокөліктердің көптеген үлгілерін шығарумен айналысып, көлемі 1568-ден  9575 куб.см дейін моторлармен жабдықтаған. Осындай көліктердің ішінде сәнді әрі толықтай жабық шанақты үлгілер клапансыз Knight қозғалтқыштарымен құралды. Қозғалтқыш көлемі 4055 куб.см құрайтын Mercedes-Knight 1924 жылға дейін жарық көрген. Бірінші дүниежүзілік соғысқа дейін Мерседестің жарыс көліктері көптеген әлемдік біріншіліктерде үздіктердің қатарынан көрінді. Соғыстан кейін шығарылған үлгілердің бірі: 28/95PS 6 цилиндрлі, қозғалтқыштың көлемі 7250 см3 құрайтын. 1921-1922 жылдары Пауль Даймлер бұл көлікпен көптеген тәжірибе жасап, қозғалтқыштың қуатын 1,5 есе өсірген ауа компрессорын орнатқан.

                                                                                                                                                Соғыстан кейін шығарылған  28/95PS үлгілері

Бұл жұмыстарды 1923 жылы компанияның басты инженері Фердинанд Порше жалғастырды. Сол жылы көлемі 1568 және 2614 см. куб. болатын 4 цилиндрлі мотормен жабдықталған көліктердің, ал 1924 жылы 6 цилиндрлі, қуаттылығы 100-140 а.к. болатын танымал 24/100/140 PS үлгілер топтамасы көлемі 6240 смболатын  қозғалтқыштармен жабдықталды.

1920 жылдардағы танымал Mercedes 24/100/140 PS үлгісі

1926 жылы Daimler мен Benz компанияларының қосылу салдарынан жаңа Daimler-Benz концерні екі компания конструкторларының біліктілігі мен тәжірибелерін дұрыс қолдана алды. Конструкторлардың басын біріктіріп, басты маман Фердинанд Порше болып тағайындалды. Ол өндірістің бағдарламасын толықтай өзгертіп, Daimler компаниясының соңғы үлгілерін негізге алып Mercedes-Benz сауда белгісімен жаңа үлгілерді шығара бастады. 1926 жылы жарық көрген Поршенің жаңа жобасы К топтамасының өкілі 6 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 6240 куб.см. болатын 24/110/160 PS  үлгісі еді. Қуатты әрі жылдамдығы жоғары көлікті «Өлім қақпаны» деп атап кеткен. Осы көлік негізінде жаңа S топтамасы жарық көрді.

Mercedes-Benz 24/110/160 PS қуатты қозғалтқышы үшін «Өлім қақпаны» деп атап кеткен.

1928 жылы Порше Daimler-Benz компаниясынан кеткен болатын. Оның орнына Ганс Нибель келген. Оның бастауымен 6 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 3.7 л болатын Mannheim-370 және 8 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 4.9 л болатын Nurburg-500 үлгілері шығарылған. Осы екі үлгі Поршенің көліктері негізінде жасалды.

Mercedes-Benz Mannheim-370 

1930 жылы Grosser Merceries атты жаңа үлгісі «Mercedes-Benz-770» деп те аталған. Көлік 8 цилиндірлі, 200 а.к., көлемі 7655 см3 болатын қозғалтқышпен жабдықталды. Ал 1931 жылы компания кішігірім көлемді моторы бар көліктерді шығарды. Осындай көліктердің бірі Mercedes-170 6 цилиндрлі, қозғалтқыш көлемі 1692 куб.см құрайтын.

Mercedes-Benz 770 

1933 жылы Mercedes-200 жеңіл автокөлігі және Mercedes-380 спорттық үлгісі жарық көрген болатын. Бұл көліктер 2 және 3.8 л қозғалтқыштармен жабдықталып, соңғысы компрессордың көмегімен 140 а.к. берді. Спорттық үлгінің негізінде 1934 жылы Mercedes-500K-ні 5 л қозғалтқышпен жабдықталған. Екі жылдан кейін осы көлікке ұқсастырылған компессорлы Mercedes-Benz-540K-ның шығарылуы басталды. 1934-1936 жылдары компания 4 цилиндрлі 26 а.к., қозғалтқыш көлемі 1308 куб.см болатын Mercedes-130 шығарып, кейін родстер 150 мен седан 170 конвейерден шықты.

1935 жылы Ганс Нибельден кейін басты конструктордың қызметін Макс Зайлер атқарған. Сол жылы баршаға танымал 170V арзан үлгінің шығарылуы басталды. Көлік 4 цилиндрлі, көлемі 1697 смболатын мотормен жабдықталған.1936 жылы тұңғыш дизелдік 260D үлгісі конвейерден шыққан болатын, ал 1938 жылы шығарылған жаңа «үлкен»  Mercedes-770-тің рамасы көлденең, қимасы сопақ темір құбырлардан жасалды. Осы көлік екінші дүниежүзілік соғыс кезінде фашисттерге ұзақ уақыт бойы қызмет атқарған.

Тұңғыш дизельді қозғалтқышы бар көліктің аты- Mercedes-Benz 260 D

Соғыс кезінде  Daimler-Benz компаниясы жеңіл автокөліктермен қатар, жүк көліктерінің алуан түрлі үлгілерін шығарған. Соғыс кезіндегі қиратылған зауыттарды қалпына келтіру жұмыстары біраз уақытты талап етті. Сондықтан соғыстан кейінгі көліктердің шығарылуы тек 1946 жылы басталған. Осы кездегі алғашқы көліктердің бірі болып 38 а.к.-ті Mercedes-Benz 170U үлгісі шығарылды. Үш жылдан кейін осы үлгінің дизельдік нұсқасы да конвейерден шыққан.

Соғыстан кейінгі шыққан алғашқы Mercedes-Benz 170U үлгісі

Жаңа әрі танымал үлгілердің қатарында Mercedes-180 де болған, оның  көпір типтес шанағы бұл көлікке қосымша беріктілік қасиетін берген. Осы топтаманың ішінде көрнекті  екі жүзінші және үш жүзінші үлгілері де орын тапты. Спорттық топтаманың көшбасшысы ретінде 1951 жылы шыққан300S үлгісі танылды. Осы көліктің қозғалтқышы 6 цилиндрлі, көлемі 2996 куб.см құрайтын. Ал 1954 жылы жарық көрген купе 300SL-дің  «Шағала қанаты» деп аталып кеткен есіктер типі басқа еш бір өндірушіде болмаған. Келесі жылы шыққан шағын өлшемді, арзан 190SL кабриолеті 4 цилиндрлі, 1897 куб.см. құрайтын мотормен жабдықталған еді.

«Шағала қанаты» типті есіктер тек Mercedes 300 SL Gullwing-те ғана болатын

1958 жылы компанияда техникалық төңкеріс орын алған - конвейерден алғаш рет Robert Bosch компаниясы ойлап тапқан қозғалтқышқа тікелей отын бүрку технологиясы бойынша жасалған қозғалтқыштардың бірінші партиясы шыққан. Бұл технологияның көмегімен 220SE үлгідегі орнатылған 6 цилиндрлі, көлемі 2.2 л болатын мотордың қуатын 105-тен 115-ке дейін үлкейтуге мүмкін болды. Осы кезден бастап, 1994 жылға дейінгі шығарылған үлгілердің атауларында Е әрпі жазылған, яғни «бүрку» дегенді білдіреді. 1959 жылы шыққан көптеген көліктердің топтамасы орташа дәрежелі болып саналды. Көліктердің кузовы көрнекті формаларға сай жүк салатын орын өте көлемді болатын, ал жарық шамдары тігінен орналастын (220, 220S и 220SE үлгілері). Осы үлгілер Mercedes маркасының техникалық жетілуін көрсетті.

Mercedes-Benz 220 S (W111) барлық техникалық жетістіктерге толы болған үлгі

1963 жылдың аяғында «600» үлгісі халық назарына ұсынылды. Ол көрнекті көліктердің жарқын үлгісі еді. Оның 8 цилиндрлі, көлемі 6.3 л. болатын, қозғалтқышы 250 а.к. беретін. Көлік 4 баспалдақты автоматты беріліс қорабымен және пневматикалық подвескамен жабдықталды. Бұл көліктің максимал жылдамдығы 204 км/сағ. жететін.

Mercedes S600  6,3 л қозғалтқышы 250 а.к. беретін

Mercedes-Benz 600 үлгісі әлемдегі ең керемет көлік атағына үміттенген  болатын. Бұл көлік Pullman («Пульман») нұсқасында да жинастырылған. Көліктің ұзындығы 6240 мм. Спорттық үлгілердің орнын 1963 жылы шыққан  қарапайым Mercedes-Benz 230SL басты (зауыт индексі W-113). 1971 жылы 230SL- дің орнына 290SL/350SL (зауыт индексі W-107) шығарылуы басталып, 1989 жылы жаңа SL (W-129) топтамасы жарық көрді.

Mercedes-Benz 230 SL (W-113) үлгісі алдыңғы көліктерге қарағанда қолжетімді болған

1965 жылы Франкфурттегі автосалонда S топтамасының айқын үлгілері халық назарына ұсынылды. S топтамасы сол кездегі флагмандық көліктердің айқын өкілі еді. Осы топтамаға 250S және 250SE үлгілері кірген. Көліктердің моторлары 6 цилиндрлі, 150 және 170 а.к. бергендіктен, сол кездегі бәсекелес көліктерден басым түсті. Уақыт өте келе бұл үлгілер көлемі 2.8  л болатын қозғалтқыштармен жабдықталды, ал 1968 жылдан бастап, 8 цилиндрлі 3,5 және 4,5 л қозғалтқыштардың орнатылуы басталды. Сол кездегі ең қуатты және ең жақсы жабдықталған үлгі 300SEL 6,3 еді. Қозғалтқыштың көлемі 6.3 л құрып, 250 а.к. ие болып максимал жылдамдық 220 км/сағ.-қа дейін жететін. Сол кезден бастап, S топтамасы Mercedes-Benz компаниясының бетке ұстар символы ретінде танылды.

Mercedes-Benz 300 SEL үлгісі S топтамасының флагманы болып есептелінді

1972 жылы S топтамасының жаңа буыны (W-116) жарық көріп, кейін 1979 жылы аэродинамикалық көрсеткіштері одан да жетілген W-126 кузовына тиесілі 280S- 560SEL  үлгілері  конвейерден шықты.

S топтамасының жаңа буыны Mercedes-Benz S-class (W116)-7 жыл бойы шығарылып, 1979 жылы жаңа S-class (W-126) үлгісі жарық көрді

Компанияның кең таралған көліктерін  орташа дәрежелі үлгілері (W-110/111) 1967 жылы үлкен топтаманың өкілдерімен алмастырды (200 ден 280Е-ге дейін, W-114/115). Бұл топтамада 4 есікті седаннан басқа 5 есікті универсал мен 2 есікті купе, хардтоп та болған. Бұл топтаманың дизельдік нұсқалары көптеген тұтынушыларға ұнамды болды. Топтаманың кейінгі буындары нарықта W-123 (1976 ж.) және W-124 (1984-1995 ж.) атты шанақтарымен танымал болды. Соңғысы 11 жыл ішінде 2.7 млн дана болып шығарылды. (200 үлгіден 500Е-ге дейін)

Mercedes-Benz E-class (W-123)

Компания 50-жылдары шағын өлшемді көліктерден бас тартқан болатын, бірақ 1982 жылы осындай үлгілердің топтамасы қайта жарық көрді (W-201). Топтаманың ішіне бірнеше нұсқасы бар 190-шы үлгі кіретін. Қозғалтқыштың көлемі 1,8-2,6 л құрап, 75-185 а.к. ие болған.

                                                                             

                                        Mercedes-Benz E-class (W-124)  барлық жағынан қарағанда керемет  үлгі

XX ғасырдың 90 жылдарында Mercedes компаниясының тұжырымдамасы толықтай өзгертілген. Компания өз өнімін нарықтың бірнеше сегментіне ұсынған еді. Оған қарамастан, компанияның бағдарламасы нарыққа орташа дәрежелі С және Е топтамаларын жылжытуға құрылды. 1998 жылы Mercedes-Benz компаниясының үлгілер гаммасы кеңейе түскен. Тұтынушыларға 12 топтамадан тұратын 10-ға жуық үлгі ұсынылған.

Шағын өлшемді А үлгісі (W-168) 1997 жылдан бері шығарылып, еуропалықтар арасында кең таралған көліктер классында көш бастап келген. Алдыңғы приводты үлгілер көлемі 1397 ден 1689 куб.см. моторлармен жабдықталып, қуаттылығы 60-102 а.к. құрайтын.

Шағын өлшемді көліктер классында A-class (W-168) үлгісі көш бастап келеді

Швейцариялық сағат жасайттын Swatch («Свотч») компаниясымен бірігіп, 3 цилиндрлі, көлемі 599 куб.см құрайтын қозғалтқыш Smart («Смарт») автокөлігіне орнатылған болатын. Бұл көліктің ұзындығы 2.5 м құрап, қуаттылығы 55 а.к. болды. Бірақ, бұл көлік Mercedes-Benz маркасымен аталмады.

Swatch пен Mercedes-Benz бірлесіп жасаған Smart автокөлігі

Шағын өлшемді С-үлгісі (W-202) алғаш рет 1993 жылы шығарылып, 1997 жылы үлгіге елеулі толықтырулар енгізілді. Шанақтардың екі түрі болған, 4 есікті седан мен 5 есікті универсал. Моторлардың  жұмыс көлемі 1799 куб.см ден 4266  куб.см-ға дейін жетіп, қуаттылығы 95-306 а.к. құрайтын (С 180-C43AMG үлгілері). Аралық Е-класс (W-210) алғаш рет 1995 жылы жарық көрген. Тұтынушыға қозғалтқыштардың бірнеше түрлері қолжетімді болған. Олардың жұмыс көлемі 1998-5439 куб.см құрап, қуаттылығы 95-354 а.к. дейін жететін. Үлгілерді сатып алуға көптеген адам ниет білдірген.

                                                                          

  Mercedes-Benz C-class (W202)  қазіргі таңда қолданылған көліктер нарығында үлкен сұранысқа ие    
                                       

 Көрнекті класстағы көліктер қатарынан S үлгілері (W-140) өз орнын тапқан. Бұл үлгі 1991 жылдан бастап шығарылды (S290-560 үлгілері). Бұл көліктер 6, 8, 12 цилиндрлі, көлемі 2799-5987 куб.см қуаттылығы 177-394 а.к. құрайтын қозғалтқыштармен жабдықталған. 1998 жылдың аяғына таман S топтамасының жаңа буыны жарық көріп, шанақтың белгісі W-220 атқа ие болды. Алдыңғы көліктерден басты айырмашылығы оның өлшемдері мен дизайнында болған. Жаңа S топтамасындағы көліктер 6, 8, 12 цилиндрлі, көлемі 2,8-5,8 л. қозғалтқыштармен жабдықталды.

                       

                      Mercedes S-class (W-140) көптеген  анекдоттардың басты кейіпкері                

2 есігі бар купе шанағында орындалған көліктердің тобын алғаш рет 1996 жылы көрсетілген SLK үлгісі ашады. Оның айтарлықтай ерекшелігі - металдан жасалған алынбалы төбесі. Ол 25 с уақыт ішінде жүк салатын жерге жиналатын. Бұл көліктер көлемі 1998 және 2295 куб.см болатын моторлармен жабдықталып, қуаттылығы 136-193 а.к. жеткен.

                    

                      Mercedes SLK-class (R170) –спорттық, жеңіл, шағын

Толық приводты жолсыздық бойынан жүретін көліктерге, G топтамасының үлгілері де жатады. Оның бірінші үлгісі 1979 жылы шығарылған. 1998 жылдан бастап, үлгілер көлемі 2874-3199 куб.см қуаты 122-215 а.к. болатын қозғалтқыштармен жабдықталған. 1997 жылдан бастап АҚШ-та жаңа әрі  жайлы ML үлгісінің шығарылуы басталды. Олар қуаттылығы 270 а.к. дейін жеткен, бензиндік моторлармен жабдықталған.

                                               Mercedes G (W-463) әскери көлік ретінде шығарылған                 

Суреттер drive.ru сайтынан алынған