Күміс медаль алғаны үшін жазаланған неміс атлеті

Күміс медаль алғаны үшін жазаланған неміс атлеті
Фото: vespo.com.ua

1936 жылы Олимпиада ойындары Берлин қаласында ұйымдастырылған. Бұл неміс халқының өрлеуіндегі Гитлердің орнын баяндайтын триумф болуға тиіс еді. Нақтырақ айтар болсақ, неміс спортшылары Олимпиада ойындарында толыққанды жеңімпаз атануға міндетті болған.

Дегенмен өзге елдердің спорт шеберлері есесін бермеуге тырысады. Әсіресе, жарыс барысында АҚШ атлеттері мықтылық танытады. Ал олардың ішінде афро-америкалықтар мен еврейлердің бар болуы Гитлерге ұнамағаны белгілі. Ол бастапқыда барлық жеңімпазды жеке құттықтайтыны туралы ақпарат беріп, соңынан бұл міндетінен бас тартады.

Оқиға сол жылғы Олимпиада ойындарының төрт бірдей алтын медалін иемденген афро-америкалық Джесси Оуэнске қатысты болған. Ол алысқа секіру бойынша немістің Карл Людвиг Лонг есімді атлетімен бәсекеге түседі. Бастапқыда жолы бола қоймаған Джессиге неміс әріптесі моральді тұрғыдан қолдау білдіріп, сенімін күшейтуге демеу болады. Содан кейін, ақтық сайыста екеуі кездесіп, қатарынан бес рет рекорд жаңартылады. Кейін америкалық спортшы алтын медальға ие болғанда, Лонг оның қуанышын бөлісіп, бірге суретке түсуге шақырады. Ал мұның бәрін трибунадан Гитлер көріп отырған болатын.

Лонгтың соғысқа дейінгі өмірі белгісіз. Кейбір деректерге орай, ол жарыста көрсеткен айбындылығы үшін жапа шеккен. Себебі Лонг сынды қайырымды спортшылардың арқасында Гитлердің спорттық триумфқа жету жоспары жүзеге аспай қалған болатын. Дегенмен, Людвиг Лонг кейіннен Италия аймағында соғысқа қатысып, 1943 жылы өмірден озады. 

Ұқсас жазбалар: 

Адольф Гитлер: "Артық салмақтан арыл!"

Адольф Гитлер ұрпақсыз қала ма?

Ж. Өрісбай