Әлем әдебиетіндегі көлемді 10 роман

Әлем әдебиетіндегі  көлемді 10 роман
Фото: freepik.com

Кейде оқып жатқан кітабымыз тез аяқталып, оқиғаның желісіне белгілі бір нәрсе жетпегендей көрінеді. Сол уақытта, роман аяқталмаса екен деген ой туады. Бүгін назарларыңызға сюжеті еліктіріп, өзімен бірге кейіпкерлер әлеміне алып кететін  көлемді 10 роман топтамасын ұсынамыз.

"Квинканкс"
Чарльз Паллисер

"Квинканкс" — заманауи ағылшын әдебиетіндегі ең тың туындылардың бірі. Кітап сюжеті бойынша, басты кейіпкер Джон Хаффам бала кезінен өміріне қауіп төндіріп, анасының қыр соңынан қалмайтын беймәлім қатерлі күшті анықтауға тырысады. Оның барлық сұрағына жауап бір құжатта жасырылған. 

"Форсайт туралы дастан" / "Сага о Форсайтах"
Джон Голсуорси 

Форсайт рулық қоғамының үш буынға жалғасқан аңыз-хикаялары бұрынғыдай әлемнің түкпір-түкпірінен миллиондаған оқырманның сүйікті туындысы саналады. Роман парақтарына автор XIX аяғы мен XX ғасыр басындағы Англияның бейнесін сыйдырады. 

"Ыза шоғы"/ "Гроздья гнева"
Джон Стейнбек

Ұлы тоқырау кезінде ойрандалған егіншілер жанұясы Оклахомадағы үйін тастап, басқа жұмыссыздар секілді Калифорнияға қарай беттейді. Бірақ, оларды не күтіп тұр? Болашақтары олар ойлағандай жарқын ба? Автор бұл сұрақтарға жауап береді.  

"Абай жолы"
Мұхтар Әуезов

Романда реалистік сәттер молынан қамтылған. Туындыда сипатталған Абайдың өмірі, оның шеккен бейнеті, тартқан азабы, көрген қызығы бәрі қазақ халқының шынайы бейнесімен тағдырлас келеді. Абайдың өсу жолымен танысқан әр ада өмір сүрудің адамдық, ізгі жолдарына қарай ұмтылады. 

"Текке жоғалған уақытты іздеу барысында" / "В поисках утраченного времени"
Марсель Пруст

Француз жазушысының жартылай автобиографиялық топтамасы 7 романнан тұрады. Олар Францияда 1913–1927 жылдар аралығында жарыққа шыққан.  Халық Прустты "XX ғасырдағы француз әдебиетіндегі ең ұлы жазушы" деп таниды. 

"Үнсіз Дон" / "Тихий Дон"
Михаил Шолохов

1965 жылы Михаил Шолоховқа Нобель жүлдесін сыйлаған роман-эпопия. Дон казактарының Алғашқы Дүниежүзілік соғыс, революция мен азаматтық соғыз кезіндегі тағдырын баяндайды. 

"Қасиетсіз адам" / "Человек без свойств"
Роберт Музиль

Романның басты кейіпкері Ульрих сыртқы ортаның жарқын жағы мен кедейшілігінен өзінің көмегімен жасырынуға тырысады. Романды оқып отырып, автордың армандау қабілетінен айырылмаған, өзінің мақсатын білетін заманауи адамның жан-дүниесін тереңнен зерттеген жұмысын көруге болады.

"Тәнті еткен жан" / "Очарованная душа"
Ромен Роллан

Романда автордың Бірінші Дүниежүзілік соғыстан кейінгі рухани ізденісі суреттеледі. Өз туындысында ол дәуірлердің алмасуын әсем суреттеді. Ол батыс интеллигенциясының адасуын, олардың шындыққа қол жеткізген сәтін, жеңілісі мен жеңісін баяндайды. 

"Хазар сөздігі" / "Хазарский словарь"
Милорад Павич

Әдеби сыншылар бұл туындыны "XXI ғасырдың алғашқы романы" деп атады. Шығарма авторға атақ берді, әлем әдебиетінің жаңа дәуріне жол ашты. "Хазар сөздігі" — адамзат тарихы мен мәдениетіне назар аударып, оның поэтикалық әрі философиялық тереңдігіне үңілуге мүмкіндік береді. 

"Соғыс пен тыныштық" / "Война и мир"
Лев Толстой

Толстойдың ең атақты романдарының бірі оның әлемді сезінуі мен автор ретінде философиясын көрсетеді. Шығарма адамның тұрмыс-тіршілігін құрайтын негізгі элементтерді баяндайды: өмір мен өлім, махаббат пен опасыздық, ерлік пен рухсыздық, соғыс пен тыныштық.

Т. Есқали