Баланы жетілдіру: Гленн Доман және Сесиль Лупан әдістемесі

Баланы жетілдіру: Гленн Доман және Сесиль Лупан әдістемесі
Фото: pixabay.com

Алдыңғы материалдарда Мария Монтессоридің және Никитиндердің педагогикадағы әдіснамасын ұсындық. Бүгінгі кезек Доманда.

Америкалық әскери дәрігер-нейрохирург Гленн Доман 1940 жылдардың соңына қарай адамның миы 7-7,5 жасына дейін белсенді өсіп, дамиды деген тұжырым жасады. Тура осы уақыт аралығында адам кез келген нәрсені үйрене алады: оқу, жазу, есеп, шет тілі, т.б. Олар «Егер балаңыз дарынсыз боп өссін десеңіз, ештеңе істемеңіз» деген сөзді басшылыққа алады.

Оның ізін жалғаушы әрі шәкірті Сесиль Лупан.

Басты қағидалары

Доманның пікірінше, бала қанша қалағанымен, кішкентай күнінде өздігінен ештеңе үйрене алмайды. Ата-ананың міндеті – сәбидің белсенді жетілуіне мүмкіндік жасау.

Әдіснама бойынша, балаға әртүрлі сандар, суреттер басылған және ана тілінде, шет тілінде сөздер жазылған карточкалар ұсыну арқылы дамыту керек. Балдырғанның білуге құштарлығын арттыра түсу үшін бір көрсеткен карточканы қайталауға болмайды, сонымен қатар бала онымен ойнауына да рұқсат жоқ, солай ғана қызығушылығын жоғалтып алмай сақтауға болады.

Сесиль Лупанның ұстазынан айырмашылығы ол балаға карточка көрсетумен ғана шектелмей, дыбыстық және жанасу арқылы сезінетін нәрселерді де қатар ұсынды.

Бұл әдіс сізге сәйкес келе ме?

Ата-аналардың уақыты тығыз болғандықтан, көпшілігі бұл әдісті қолдай бермейді. Доманның ізін қуушыларға карточка дайындау үшін аса көп уақыт пен күш керек. Қазір карточканың дайын түрлері көптеп сатылғанымен, оларды қайталамай үнемі жаңасын көрсету қиынырақ.

• Бұл әдісті ұшқалақ балаларға қолдана алмайсыз.

@. @assel_assanova