English lessons: Жиі шатастыратын 10 сөз

English lessons: Жиі шатастыратын 10 сөз
Фото: freepik.com

Ағылшын тілінде тек жазылуы мен дыбысталуы тұрғысынан ғана емес, мағынасы жағынан ұқсас сөздер жиі кездеседі. Дегенмен, олардың қолданыс аясы біз ойлағандай ұқсас болмауы әбден мүмкін.

1


Екі сын есім бір түбірден шыққанына қарамастан, беретін мағыналары әр түрлі. 
• Economic (экономикалық) экономика саласында қолданылады: "New economic reforms will enter in force from the new year" (Жаңа экономикалық рефомаларды жаңа жылдан бастап енгізеді). Одан бөлек, мына тіркестерді де қолдануыңызға болады: "economic boom" — экономикалық бум, "economic development" — экономикалық даму. 
Ал, economical сөзі үнемдеп пайдалану дегенді білдіреді. "I always try to buy in bulk because this is the most economical way to do shopping" (Мен ылғи көтерме сауданың көмегіне жүгінемін, өйткені, сатып алудың ең үнемді тәсілі). Мына тіркесті жадыңызға сақтап алыңыз: economical habits — үнемдеу және сақтау әдеттері.

2


Ал, бұл екі сөз етістіктер қатарына жатады.
• "To ensure" – кепілдік беру, қамтамасыз ету дегенді білдіреді. "We can’t ensure that the income will be so high" (біз табыстың мол болатынына кепілдік бере алмаймыз).
• Insure етістігінің мағынасы – өмір не мүлікті сақтандыру.

3


Соңындағы "Е" әрпінсіз етістіктің мағынасы – қоршау, орау, қамту. "Her death is enveloped in mystery" (оның өлімі құпияға толы (құпияның шырмауында)).
"Е" әрпіне аяқталса, бұл сөз етістік емес, зат есім. Аудармасы – конверт: "I have to post the letter, but I forgot to buy an envelope" (Менің хат жіберуім керек, бірақ мен конверт сатып алуға ұмытып кетіппін).
Есте сақтаңыз, envelop етістігін дыбыстау кезінде екпін [ɪn’veləp] екінші буынға түседі. Ал, зат есімде екпінді алғашқы буынға қойыңыз.  

4


Екі сөздің мағынасы бір, "атақты" деп аударылғанына қарамастан, қолдану аясы – екі түрлі. Бір-біріне синоним бола алмайды.
• Famous
 жақсы қасиетімен не әрекетімен атаққа қол жеткізген адамға айтылады: "Mary is famous for her charity work" (Мэри өзінің қайырымдылығымен атақты).
• Infamous жаман жол арқылы ие болған атақты айтады: "John is an infamous gangster" (Джон — әйгілі тентек).

5


Бұл есімше формасындағы етістіктердің түбірі бір – hang (ілу, асу). Дұрыс әрі бұрыс етістіктің рөлін атқарып, өктен шақта "hung, hung" немесе "hanged, hanged" бола алады.
Дегенмен, ескеретін жайт бар: hang сөзі «адамды дарға асу» дегенді білдіреді де, өткен шаққа дұрыс етістік түрінде өзгереді. Мысалы,"The criminal will be hanged by the neck until dead" (қылмыскер өлім сәті келгенше дарда асулы тұрды).
Hang  «жансыз затты ілуді» білдірген кезінде, ол бұрыс етістік рөлін атқарады: "Uncle Bill has hung the picture at last, though it was such an undertaking for him" (Соншама қиындықтарға қарамастан, ақыр аяғында Билл ағатай картинаны ілді).

6


• Historic заманауи ағылшын тілінде "тарихи мәні бар" деген мағынада қолданылады: "historic voyage of Columbus to America" (Колумбтың Америкаға тарихи сапары).
• Historical сөзін "өткен оқиғалармен байланысты" мағынасында жиі тілге тиек етеді. Одан бөлек ол айтылған әңгіменінің шынайы оқиға не тарих негізінде екенін айқындай түсу үшін қолданады: "this story is based on historical events" (бұл оқиға тарихи сәттер негізінде құрылған).

7


Алғашқы етістік "бір нәрседен тыю немесе ұстап қалу" дегенді білдірді: "Director forbears from making official statements unless there are definite results" (директор қажетті нәтижеге қол жеткізбейінше жалақыдан ұстап қалады).
Ал, екінші сөз  forebear – ата-баба дегенді білдіретін зат есім. "We have inherited these customs from our forebears" (Бұл дәстүрлерді ата-бабамыздан мұраға алғанбыз).

8


Екі сөзді шатастырудың себептерін түсінуге болады:  
сын есім forward алдыңғы қатарлы, алды дегенді білдерді: forward magazine — алдыңғы қатарлы журнал,  forward part — бір нәрсенің алдыңғы бөлігі.
Ал, зат есім foreword –  кітап басында жазылатын алғы сөз.

9


Екі сөз де латын тіліндегі fortuna (сәттілік, фортуна) сөзінен шыққан. Fortuna (фортуна) не жақсы не жаман болуы мүмкін. Өйткені, ол – адам тағдыры. Заманауи ағылшын тіліндегі fortunate тек жақсылықтың нышаны болып қалмақ: "It is fortunate for you that you are given a second chance to show your talent" (талантыңызды көрсетуге екінші мүмкіндік берілді, сіздің жолыңыз болғыш екен).
• Fortuitous сөзі  кездейсоқ деген мағынаны білдіреді: "A fortuitous meeting" – бұл кездейсоқ кездесу. Дегенмен, fortuitous және fortunate сөздері ұқсас болғандықтан, берілген сөз тіркесі – тағдырдың жазуымен кездесу немесе сәтті кездесу деген мағына да жиі қолданылады.

10


• Adopt
  — қабылдау, іс барысында бір шешімге келу мағынасында қолданылады: "The Company’s Board of Director has adopted new rules that change the policy of the company" (Компанияның директорлар кеңесі компания саясатына өзгеріс еңгізетін жаңа ережелерді қабылдады).
 Adapt адаптация, бейімделу деп аударылады: "The personnel will have to adapt to these new rules within a month’s period" (Бір айдың ішінде қызметкер жаңа ережелерге бейімделуі шарт).

Т. Есқали