Ағылшын тіліндегі

Ағылшын тіліндегі "сәттілік"

Ағылшын тіліндегі "Good luck!" тіркесі шет тілін меңгеруге дең қойып жүргендер үшін жақсы таныс. Бұл тіркесті біз біреуге сәттілік тілеген кезде қолданамыз. 

"Luck" зат есімі ағылшын тіліне 15 ғасырда енген. Оның түбі дат тілінен алынған. Мағынасы – "бақыт", "сәттілік".

"Бақыт" деген мағынасынан гөрі, қолданыста "сәттілік" ретінде танымал "luck" сөзін өзге жандардың ісіне сәттілік тілегенде жиі тілге тиек етеміз. Сәттіліктің бірнеше түрі бар — good luck, bad luck немесе ill luck.

Кейбір ағылшындықтар мына сөз тіркесін қолданады: "If you don’t have bad luck, you’ll have no luck at all" — "егер өміріңізде сәтсіздік болмаса, сәттілікке де орын жоқ".

Наным-сеніміне байланысты адамдар төрт күлтелі жоңышқа жапырағын тауып алуды сәттілікке (it’s good luck to find a four-leaf clover) жорыса, айнаның сынуын – бақытсыздыққа балайды (it’s bad luck to break a mirror).

Егер біз сөз арасында "I have good luck" тіркесін қолдансақ, сол арқылы өміріміздің сәттілікке толы екенін, жолымыздың ашық екенін айтамыз. Ал, "I have no luck" тіркесі керісінше, жолымыздың жиі болмайтындығынан хабар береді.

"Lucked out" — тіркесін "out of luck"-пен жиі шатастырып жатады, шындығына келгенде екеуінің мағынасы екі түрлі: "to luck out" —  1954 жылы қолданысқа енген америкалық тіркес. Оның мағынасы "жетістікке сәттіліктің арқасында қол жеткізу". Кейбір сөздіктерде "қиын және ауыр жағдайларда жетістікке жету" деп жіктеледі.
• I lucked out on that test — тест кезінде менің жолым болды.

Ал,  "to be out of luck" мағынасы – "жолы болмау":
• I am out of luck: I have sold nothing today. – бүгін жолым болмады, ешнәрсе сата алмадым.  

To luck into —  бір нәрсеге еш қиындықсыз, оңай қол жеткізу.
• He lucked into that job. – ол жұмысқа қиындықсыз орналасты.

"Luck" зат есімі арқылы жасалатын мынадай тіркестерді ұсынамыз:

• Good luck! – "Іске сәт!" (Бір істің алдында, емтихан немесе жұмыс барысында қолданылады).
• Better luck next time! – "Келесі жолы жолың болады!' (Бұл тіркесті алғашқы әрекетінен түк шықпаған адамға жұбату мен қолдау ретінде қолданады).
Just my luck! – "Сәті осылай болды!"(Қалаған нәрсені іске аспаған адамның айтатын сөзі). 
To be down on one’s luck – қиындыққа тап болу немесе қаржылай қиындық кезінде айтылатын тіркес.
The best of British luck – "Тырысып көр, сәттілік тілеймін. Бірақ, оныңнан түк шықпайды" (Бұл тіркестің мысқылы басымырақ).
• Trust to luck – сәттілікке үміт арту (Әр түрлі жағдайға байланысты, соның ішінде дайындықсыз қиын істі қолына алған адамдарды сипаттайды).  

Бөлісу:
Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз
Өзгерту

Соңғы жаңалықтар

Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
Адамды бостандығынан айыру мен бостандығын шектеудің айырмашылығы қандай?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
8 сағат жұмыс, 8 сағат ұйқы және 8 сағат демалыс: адамзат бұл жеңіске қалай жетті?
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Ғалымдар Арктикадағы барлық мұз 2035 жылға қарай еріп кететінін айтты
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Мұхиттағы ең үлкен "қоқыс аралы" Франция көлемімен теңесті
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Абайдың шығармалары дүниежүзінің 10 тіліне аударылды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды
Израильде 1,5 миллион долларлық медициналық маска жасалды