Ағылшын үйренуге арналған 5 бағдарлама

Ағылшын үйренуге арналған 5 бағдарлама
Фото: Томирис Ескали

Қазір ұялы телефонның көмегімен ағылшын тілі деңгейін көтеруге мүмкіндік бар. Әрине, сізге ұсынғалы отырған бағдарламалар ақылы нұсқалардың аналогы ғана.  Олардың мүмкіндігі ақылы бағдарламалар секілді жоғары емес. Бірақ, сізге күнделікті жаттығуға септігін тигізері анық. Егер ағылшын тілін үйреніп жүрсеңіз, онда бұл бағдарламаларды жүктеп алыңыз.

AAD

1. Wlingua

Бұл бағдарлама – ең үздік оқытушы құрылғы. Бағдарлама жаңадан бастаған «beginner» тобына да, өзге жалғастырушы топқа да септігін тигізеді. Жүктеп алған бойда, тест өткізіп, өзіңіздің деңгейіңізді анықтап алыңыз. Қай сабақтан бастап оқитыңызды, қандай ережелерге мән беру керектігін де бағдарламаға енгізе аласыз. Британ және америкалық акценттердің бірін таңдауға да болады. Wlingua бағдарламасында барлығы 600 сабақ бар. Сол сабақтарды игіліңізге жарата алсаңыз, биік жетістіктерге жетесіз.

Мына сілтемелерге өту арқылы Android немесе iOS бағдарламалына сәйкес көшіре аласыз.

DDD

2. Phrasal Verbs for Life & Exams

Бұл бағдарламалар арқылы ағылшын тілінде сөйлеу дағдысын жетілдіруге болады. Өйткені, бұл бағдарламалр грамматикадан гөрі, ағылшын тілінде жиі қолданатын тіркесті етістіктерге (фразовые глаголы) аса назар аударады. Оларды қолдану үлгісін де ұсынады. Дегенмен, ақысыз нұсқасы тек бастапқы деңгйді ғана түсіндіреді. Ал, қалған сабақтарды үйрену үшін сатып алуға тура келеді.

Мына сілтемелерге өту арқылы Android немесе iOS бағдарламалына сәйкес көшіре аласыз.

SS

3. LingQ

Бұл бағдарлама – оқылым, тыңдалым және аударма бағытында жұмыс істеймін деген жандар үшін таптырмас көмекші құрылғы. Мыңдаған тапсырмалар лексика мен дыбысталуға арналған. Әр сөзді таныс немесе белгісіз сөз ретінде белгілеп қоюға болады. Белгісіз сөздердің аудармасын білу үшін, үстінен бассаңыз, «Яндекс. Аудармашыға» өтеді. Сонымен қатар, жаттаған сөздеріңіз, орындаған тапсырмаларыңыз туралы ақпарат алуға болады.

Мына сілтемелерге өту арқылы Android немесе iOS бағдарламалына сәйкес көшіре аласыз.

SSS

4. SnakeLang

"Ойын" дегенде бәрін ұмытып кетіп, ағылшын тілін үйренуге уақыт таппасаңыз, бұл бағдарлама бір уақытта екі істі бірге атқаруға мүмкіндік береді. Тест тапсырмаларын жасау барысында жыланды алға қарай жылжытып отырасыз. Жоғары ұпай алу үшін арнайы уақытта жауап беріп үлгеруіңіз керек.

Тест басталмас бұрын сізге тақырып бойынша сөздер ұсынып, онымен танысуға мүмкіндік беріледі. Олардың дыбысталуы да бар. Сабақтардың статистикасы және Twitter әлеуметтік желісінен алынған мысалдар да бар.

Мына сілтемелерге өту арқылы тек iOS бағдарламалына сәйкес көшіре аласыз.

SS

5. HiNative

Бұл бағдарлама – сұрақ қойып, оған жауап табуды жөн санайтын, адамдармен тез тіл табыса алатын адамдарға таптырмас көмекші. Бұл жерде native speakers, яғни, шетелдіктермен сөйлесе аласыз. Олармен хабарлама арқылы ақпаратпен алмасып, аудио арқылы сөйлеу дағдыңызды жетілдіре аласыз.  

Мына сілтемелерге өту арқылы Android немесе iOS бағдарламалына сәйкес көшіре аласыз.

Одан бөлек, саяхаттау барысында бұл бағдарлама сізге пайдалы болмақ. Әрине, бұл бағдарламаны қолдану бастауыш деңгейге қиын болуы мүмкін. Бірақ, орташа деңгейде ағылшын тілін меңгергендер үшін қиынға соқпасы анық.

Сәттілік тілейміз!

Т. Есқали