Ағылшын тілі: сіз қате сөйлеп жүрсіз

 Ағылшын тілі: сіз қате сөйлеп жүрсіз
Фото: translationservices24.com

Барлық тілді бірден меңгеру мүмкін емес. Кейде шет тілін меңгеру барысында грамматиканы, сөйлем құрылысын өзіміздің ана тіліміздегі ережелерге қарай бағыттап аламыз. Бұл жерде әр тілдің өзіне тән ерекшелігі бар екеніні естен шығарып алатын сәттер де кездеседі. Осылайша, ағылшындықтардың өзі түсіне бермейтін, ерсі қателіктерге жол береміз.

ввв

Сізден мұғаліміңіз не шетелдік досыңыз “What did you do at the weekend?” деп сұраған сәтте сіз “I with my friends went to the cinema” деп жауап берген сәтіңіз болған шығар. Суретте көрсетілгендей бұл сөйлем – құрылымы жағынан қате.
Дұрысы: I went to the cinema with my friends. 

чс

Белгілі заттың атауын есіңізге түсіре алмай, қалай сұрарыңызды білмей дал болғанда “How to say this?” дейтініңіз анық. Бұл – қате. Дұрысы: How do I say this? How do I put this? What’s the word for this? What do you call this? Бұл жерде сізге көмекші етістіктер керек болады.

98989
Дұрысы: жай ғана feel good. Сонымен қатар, ешқашан «feel yourself» сөзін қолданбаңыз. Мағынасын білсеңіз, бұл сөзді айтқаныңыз үшін кірерге тесік таппай қалатын едіңіз. Тіпті, оны түсіндірудің өзі ыңғайсыз. Қатты қызқсаңыз, Google-дің көмегіне сүйеніңіз.

98899

Ағылшын тілін өз бетіңізбен оқып жүріп, кейде достарыңызға өткен тақырыпта үйренген қызықты сөздермен, әсеріңізбен бөліскіңіз келетін кез болады. Сол кезде “I met an interesting expression yesterday” сөйлемін жиі тілге тиек етеді. Бұл – қате. Met – кездесу. Ал, ағылшын тіліндегі ерекшелік сіз тек адамды кездестіре аласыз. Сөзді, тіркесті кездестіру мүмкін емес. Яғни, «Мен кеше бұл сөзді мына мәтіннен кездестірдім» деген сөйлемдегі кездесу «came across, saw, heard, learned» сөдерімен алмасады. Дұрысы: I came across / saw / heard / learned an interesting expression.

ввв

Біздегі басты қателік – алдымен орысша ойлап, кейін ағылшын тіліне аударатынымызда. Тіпті, қазақша ойласақ та, оны алдымен орыс тіліне аударамыз. Кейбір адамдар орыстілді адамдардың ағылшын тілін меңгеру мүмкіндігі жоғары деп те ойлайды. Өмірмізді неге сонша қиындатамыз? Орыс тілінде «ближайшее» яғни жақынырақ деген бар. Бірақ, ағылшын тілінде жақынырақ болашақ деген тіркес жоқ. Бар болғаны жақын болашақ деген тіркес бар. Дұрысы: in the near future.

уу
Тағы да орыс тіліне аударудан туған қателік. Орыс тіліндегі «на улице» тіркесі, біздің далада, сыртта, тыста деген сөздермен сәйкес келеді. Тікелей көшеде деп аударамыз. Орыс тіліндегі «на улице холодно» тіркесі саябақта, жағажайда, барлық айналамыздың салқын екенін білдіреді. Ал, ағылшын тіліндегі in the street қалада, жолда, көшеде дегенді білдіреді. Егер дала суық дегенді жеткізгіңіз келсе, мынаған назар аударыңыз. Дұрысы: outside / outdoors.

ввв

Last time соңғы күндері емес, соңғы рет деген мағынаны білдіреді. Мысалы: “The last time I went to the cinema was in August”. Ал, соңғы уақытта деген lately / recently сөздері арқылы түсіндіріледі. Дұрысы: “I haven’t talked to my best friend a lot lately”.

Ағылшын тілін үйрену барысында қиындықтар кездесті ме?

Т. Есқали