Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Гуманитарлық ғылымдар / Шет тілін үйрену барысында жіберетін қателіктер

Шет тілін үйрену барысында жіберетін қателіктер

Шет тілін үйрену барысында жіберетін қателіктер

Қателік – бұл белгілі бір жаңа нәрсе үйрену барысында керекті әрі қалыпты үрдіс. Дегенмен, кейбір қателіктер сіздің дамуыңызға кедергі келтіруі әбден мүмкін.
Сонымен, ағылшын тілін меңгеру барысында қандай қателіктер жіберіп жүрсіз?
1. Өзіңіздің әлсіз тұсыңызбен күресудің орнына, одан қашасыз:
Мысалы, оқушы өзінің тыңдалым жүйесі бойынша қате жіберетінін біле тұра онымен жұмыс істемейді. Тіпті, тыңдалым жұмысы болатынын білген бойда еңсесі түсіп, оны орындауға деген талпынысы азаяды. Оның орнына жазылым немесе грамматика бойынша өзіндік жұмыс істеуді жөн санайды.
Дегенмен, бұндай логика ешқашан сіздің дамуыңызға мүмкіндік бермейді. Керісінше, бұл бағыт бойынша кері кету үрдісі байқалады. Басқа дағдылар дамығанмен, бұл дағдыңыз құрдымға кетіп, бір күні аяғыңыздан шалатыны анық.  Сондықтан, қорқынышыңызды жеңіп, онымен күресдің жолын қарастырғаныңыз абзал.

2. Біз шыдамсызбыз: қолымыздан келмесе, тастап кетеміз.
Егер сөйлем құрау барысында қателіктер орын алса, ағылшын тілінде сөйлеубарсында қиналсаңыз, дыбыстау кезінде қателіктер жіберсеңіз, бұл сіздің ешқашан ағылшын тілін үйрене алмайсыз дегенді білдірмейді. Өйткені, тілі жаңа шыққан бала да басында сөйлем құрамайды немесе «әке» деген сөзді бірден қатесіз айтпайды. Тіл үйрену бұл – жаңадан сөйлеуді қайта бастау. Яғни, сіздің қазір 1 жасар баладан айырмаңыз жоқ. Сондықтан, қателікке бола оқуды орта жолдан тастап кетпеңіз. Керісінше, күресіңіз.

3. Ағылшын тілін үйрену үшін сыртқы мотивациядан гөрі, ішкі мотивация маңызды:
Сіз ағылшынды біреу талап еткені үшін емес, өзіңіздің болашағыңыз үшін үйреніңіз. Болашақта ағылшын тілін жетік меңгерген соң не істеу ойыңызда бар, алдымен соны жіктеп алыңыз.  Адамдар жиі ағылышын тілі «жұмысқа керек» немесе «бастық талап етті» деген сылтауларды естиміз. Бірақ, мұндай мақсатпен сіз тек өзіңізді алдайсыз. Сыртқы мотивация мен ішкіні байланыстыра білгеніңіз жөн. Оны шындыққа айналдырыңыз.

Бастамаңызға сәттілік тілейміз, оқырман!

5
Рейтинг: +3

Дайындаған: Томирис Есқали
Фото: foreignstudents.com/
Қосылған күні: 14 қаңтар 2018, 21:25

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.