Қыстырма сөздердің қыр-сыры

Қыстырма сөздердің қыр-сыры
Фото: www.ostomizadosmarlex.com

Күнделікті өмірде, ауызекі сөйлесу барысында қыстырма сөздерді көп қолданамыз. Орыс тілінде мұндай сөздерді «паразит» сөздер деп те атайды. Аталмыш сөздерді жиі қолданатындар да, мүлдем қолданбайтындар да арамызда кездеседі. Психолог ғалымдар қыстырма сөзді қолданушыларға сараптама жасапты. Ендеше, қыстырма сөздің қызықтарына зер салайық.

«Қысқасы» – бұл сөз асығыстықтың, артық агрессияның немесе жүйке сыр беруінің көрсеткіші. Бұл сөзді көбінесе холерик адамдар қолданады. Кейбірі қалыпты адамдардың жүйкесін жұқартуы да мүмкін. Оның үстіне бұл сөзді қолданатындардың аузына тыным болмайды деседі, яғни, көп сөйлейтіндер сөзін "қысқасы" деуден бастайды.

«Айтпақшы» – бұл сөзді жұртшылықтың назарына зәру адамдар жиі қолданады екен. Олар ыңғайсыз жағдайға немесе түсінбестікке тап болады да, осы сөзбен құтылып кеткісі келіп тұрады. Әңгіме барысында «айтпақшы» сөзі көпшіліктің назарын бірден аударатынын байқап көріңіз. Бәрі сізге ден қойып, көңіл аударады.

«Қалай болғанда да» – бұл адамның шығармашылық күйіне тікелей қатысты. Бұл сөзді қолданушылардың субъективті пікірі, жеке көзқарасы, жеке әлемі болады. Осы сөзді қолдану арқылы да көп нәрсеге өзіндік тұрғыдан қарайтыны оңай байқалады.

«Негізі» – бұл сөзді қолданушылар өз-өзіне өте сенімсіз адамдар. «Айтпақшы» сөзін қолданушыларға қарағанда ашушаң келеді. Ұрыс-керіс шығаруға бейім болады. Бұл жағдайлардың барлығы сенімсіздіктен шығатыны тағы белгілі.

«Демек» – нағыз кертартпалар осы сөзді жиі қолданады. Олар жаңа затқа немесе белгісіз жайларға үнемі қарсы шығып, сараптама жасап жүреді. Өз пікірлерін кез келген жерде дәлеледей алатын, жеке-дара стиль қалыптастыруға бейім адамдар да осы сөзді көп қолданады екен. 

Ә. Жутаева