Сансыз сұраққа табылған жауап

Сансыз сұраққа табылған жауап
Фото: aptekayg.ru

Қоғам арасында жиі қойылатын, дегенмен әркім түрлі нұсқада өзінше жауап беретін сұрақтар болады.  Мұндай сұрақтардың жауабына зер салатын болсақ, біреу философиялық тереңдікпен толғайды, біреу қарапайым ғана жауап қайтарады. Күнделікті қойылатын қарапайым сұрақтарға сіз қалай жауап берер едіңіз?

Қай жеңімпаз таңдаулы? – Шындықпен жеңген.
Қай жеңімпаз таңдаулы емес?  Күшпен жеңген.
Қай адам ең әлсіз?  Өзгелерді жеңген.
Қай адам ең мықты?  Өз-өзін жеңген.
Қай күрес қауіпті?  Әсіре жанкүйерлік.

Қай ұстаз ең жақсы?  Азап.
Қай ұстаз ең нашар?  Рахат.
Қалай мейірімді болу керек?  Жақыныңның қайғысымен бөлісу.
Қалай қарапайым болу қажет?  Жақыныңмен даңқыңды бөлісу.
Қалай бой ұсынғыш болу?  Жақыныңның дәрменсіздігін бөлісу.
Қалай әділ болу?  Қарыздарыңды ұмытпау.
Қай ептілік ең сирек?  Беру ептілігі.
Қай ептілік ең жақсы?  Кешіре алу ептілігі.
Қай ептілік ең қиын?  Үнсіздік ептілігі.
Қай ептілік ең маңызды?  Сұрау ептілігі.
Қай ептілік ең қажетті?  Тыңдау ептілігі.
Қай әдет ең жағымсыз?  Дауласу.
Қай әдет ең зиянды?  Мылжыңдық.

Қай адам ең мықты?  Ақиқатты растай алған.
Қай адам ең әлсіз?  Өз күшіне сенген.
Қай адам ең ақылды?  Жүректің әміріне құлақ түрген.
Қай іңкәрлік ең қауіпті?  Өз денеңе құштарлық.
Қай адам ең кедей?  Ақшаны барлығынан артық жақсы көретін.
Қайғыға немен қарсы тұрасыз?  Көнумен.
Азапқа немен қарсы тұрасыз?  Төзіммен.
Сау жанның белгісі?  Сенім.

Науқас жанның белгісі?  Үмітсіздік.
Бұрыс істің белгісі қандай?  Тітіркену.
Қайырымды істердің белгісі қандай?  Жанның тыныштығы.
Қай адам тірі өлік?  Енжар адам.
Қай адам ешқашан өлмейді?  Жақындарың және Тәңірді сүйетін.

Ә. Жутаева