Мықты болсаң, тауып көр. Логикалық сұрақтардың жауаптары

Мықты болсаң, тауып көр. Логикалық сұрақтардың жауаптары

Сонымен, Мықты болсаң, тауып көр атты логикалық сұрақтарымыздың жауабын жариялайтын кез де келді-ау, шамасы. Өз ақылдарын шыңдап, білімділіктерін көрсеткен барлық оқырманымызға алғысымыз шексіз. Соның ішінде Жолдас ӨрісбайЖарқынай ҚанбаеваТолкын КалиаскарМухаммед СайджаббарТурганбай МырзалиевТолкын КалиаскарМая Жанахметова секілді оқырмандарымыз ерекше белсенділік танытып, дұрыс жауап беруге асықты. Және ең соңынан, бірақ барлық сұраққа Nurbol Karatai мырза жауап берді. Ендеше, осы оқырмандарымызға да арнайы алғысымызды айта отыра, жауаптардың дұрыс нұсқасын жарялаймыз. 

1. Екі нүктеден шыққан пойыздың екеуі де кешігіп келе жатыр: бірі 30 минут, бірі 10 минут. Араларында 20 минуттық айырма болғандықтан, екеуі он-он минуттан бірдей қашықтықта келе жатады. Демек, екі жүрдек пойыз шыққан қалаларынан бірдей аралықта. 

2. Шерлок Холмс қылмыстың орын алған жерін (мекенжайын) күйеуіне айтқан жоқ. Ал күйеуі ол жерді өзі тауып келді. Сәйкесінше, Шерлок Холмс қылмыскерді күйеуі деп тапты. 

3. Ең алдымен, тиындарды тура үш-үштен бөлу керек. Берілген екі кесеге үш бөліктің екеуін бөліп саламыз да, біреуін шетке қоя тұрамыз. Жалған тиынды кеселердің салмағына қарай, табуға болады. Егер алғашқы өлшеген кеселердің салмағы бірдей болса, жалған тиын шетте тұрған кесенің ішінде деген сөз. Содан соң, жалған тиын бар кесенің ішіндегі тиындарды бір-бірден өлшейміз: тең болса, үшінші өлшенбеген тиын – жалған тиын, немесе өлшенгенде жеңіл болған тиын – жалған тиын. 

4. Бұндай өлшемдегі қабырғаның қалыңдығы 2-ақ сантиметр болады. Демек, ешқандай құрылғысыз, қолмен-ақ сындыруға болады. 

5. Әуелі әкесі өзеннің арғы бетіне екі ұлын қайыққа отырғызып жібереді, өйткені екі баланың салмағы бір ересек адамның салмағына тең. Кейін бір ұлы бергі бетке қайтып келеді. Содан соң, қайықпен арғы бетке әкесі өтеді де, сол жақта қалған баласын бергі бетке отырғызып жібереді. Ол бергі жағында қалған баланы ертіп, арғы бетке өтеді. 

6. Бұл сұраққа, Жолдас мырза, бірден әрі дұрыс жауап берді. Сондықтан да да Жолдастың жазғанын еш өзгертусіз қалдыруды жөн көрдік. Ендеше, Жауабы: аман қалғысы келген жігіт ебін тауып: "Мені аралаңыздағы ең ұсқынсыз әйел өлтірсін", - дейді.

7. Ит те  – 2. Бұл сандар аталған жануарлар мен құстардың дауыстарына байланысты. Яғни, олар айтқан «сөздер» ішіндегі әріп саны. Ква, иа, мяу, и-го-го, ку-ку, аф.

8. Берілген сұраққа мұқият зер салсаңыздар, «бір өзеннің бойы» деп берілмеген. Демек, олар екі түрлі өзеннің жағасында тұр. Екі жағалауда бір-бір қайықтан тұрған соң, олар көлдің арғы бетіне емін-еркін жетіп алған.

9. Шахмат ойынында. 

10. Бұл сұрақтың жауабы: 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10

Ал құрметті оқырман, енді сұрақтармен де, жауаптармен де таныс болдыңыз. Кімнің шын мықты екенін іштей бағамдаңыз.

Сурет: radio2moro.com

Е. Жұмабайұлы