Мықты болсаң, тауып көр (Логикалық сұрақтар)

Мықты болсаң, тауып көр (Логикалық сұрақтар)

Білімділік тұлғаны өзгелерден ерекшелеп тұратын қасиет. Қазіргі қоғамды байлықпен, барлықпен таңқалдыру мүмкін емес, тек осы білімділік қана адамзат баласын сақтап қалады. Қарапайым сұрақтардан күрделі тапсырмаларға дейін жілігін шағып, майын ішетін ғұламаларға да бұндай дарындылық бірден қона қоймады. Бұны көп оқу мен ізденістің игі нәтижесі деп білу керек. Өз білімімізді шыңдау үшін таным көкжиегімізді кеңейтіп, логикамызды арттыру керек. Сол мақсатпен сіздердің назарларыңызға мына логикалық тапсырмаларды ұсынып отырмыз. Өз жауаптарыңызды жазба астына қалдырыңыздар. Ал біз дұрыс жауабын кешке жариялайтын боламыз.

1. Алматыдан Астанаға қатынайтын жүрдек пойыз жолға шықты. Ол жарты сағатқа кешігіп келе жатыр. Оған қарама-қарсы бағытта Астана-Алматы пойызы келе жатты, бірақ ол он минутқа кешігіп келе жатыр. Екі пойыз кездескенде, қайсысы Алматыға жақындайды? 

2. Саябақты аралап келе жатқан Шерлок Холмс жол жиегінен өлген әйел адамның мүрдесін көреді. Шерлок оның қалтасындағы қойын дәптерінен күйеуінің нөмірін тауып алып: «дереу келіңіз, сіздің әйеліңіз қаза тапты» дейді. Күйеуі қылмыс орын алған жерге келгенде, Шерлок бірден полицияға хабарласып, әйелді күйеуінің өлтіргенін айтады. Шерлок қылмыскерді қалай тапты?

3. Сізге 9 тиын берілді дейік. Оның 8-і кәдімгі шын тиын да, біреуі жалған тиын. Кесенің көмегімен екі рет өлшеу арқылы жалған тиынды қалай анықтауға болады?

4. Ұзындығы 20 метр, ал биіктігі 3 метр болатын қабырғаның салмағы – үш кг. Осы қабырғаны ешқандай құрылғысыз-ақ қалай сындыруға болады?

5. Әкесі екі ұлымен саяхатқа шығады. Оларға жолда кездескен өзеннен өтуге тура келеді. Бірақ, өзен жағасындағы қайық бір ғана адамды көтереді. Олар өзеннің арғы бетіне қалай өтеді? 

6. Жолға шыққан кеме апатқа ұшырап, тек бір ер адам ғана аман қалады. Толқын  тек әйелдер тұратын аралға әкеп тастайды. Ол есін жиып көзін ашса, құрбандық шалатын орында отыр екен. Сөйтсе, әйелдер оны өлтірмек болады, өлер алдындағы соңғы сөзін айтуды бұйырды. Құрбандыққа шалынғалы тұрған жолаушының соңғы сөзін естіген әйелдер оны дереу босатып, еліне бағыттап, қайыққа отырғызып, жібереді. Құрбандықтан аман қалған жолаушы аман қалу үшін қандай сөз айтты?

7. Бақа – 3, есек – 2, мысық – 3, ат – 5, әтеш – 8, көкек – 4, ит — ?

8. Көлдің қарамa-қарсы бетінде тұрған екі адам жағаға жақындады, олар қарама-қарсы бағытпен көлдің келесі бетіне шығуы керек. Бірақ, жағалауда тұрған қайық бір-ақ адамды көтере алады. Соңында, екеуі де ойлаған орындарына жетеді. Бірақ қалай?

9. Ат аттың үстінен қандай жағдайда секіреді?

10. Бұл тапсырманы бірінші сыныпта оқитын оқушы бұл сұрақты бес минутта, жоғарғы сынып оқушысы он бес минутта, ЖОО-ның студенті алпыс минутта шешсе, ғалым бұл сұрақтың шешімін таба алмайды. Тапсырма мынадай: БЕҮТБАЖСТО-ны талдаңыз. Ескертетін жайт, сұрақтың санға қатысы бар және 1-сынып оқушысы жылдам шеше алатынын қаперіңізде ұстаңыз.

Cурет: cs608917.vk.me

Е. Жұмабайұлы