Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қауіпсіз қопарғыш дәрі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Қауіпсіз қопарғыш дәрі

Қопарғыш дәрі (Security Explosives) туралы сөз айтыла қалса болғаны Нобель еске түсері даусыз. 1846 жылы италиялық А.Собреро нитратты глицерин қосындысын жасады. 1865 жылы швеция ғалымы Нобель сынап фолминатындық бестон және қопарғыш дәрі тапқырлады. Кейін, Нобель осыларды 1831 жылы англиялық Бекпорт тапқырлаған қауіпсіз білтемен біріктіре отырып, нитратты глицерин қопару қуаты аса жойқын қауіпсіз қопарғыш дәріге айналды. Ол осыдан бұрын Қытайда тапқырланған мылтық дәрісіне өзгерістер мен жаңалықтар енгізудің нәтижесі делінген айтылым да бар.

Бұл өнертабысқа Нобельдің қосқан үлесі аса зор, Нобель жалпы жұрт мойындаған қопарғыш дәрінің тапқырлаушысы болып саналады.

Өнертабыстың нақты барысын баяндаушылардың айтуынша, 1846 жылы италиялық Собреро қою азот қышқылы мен глицериннен қопарылыс қуаты күшті нитратты глицеринді алып, біріктірген соң, қопарылыс шырғалаңы көп туылады, сол себепті ол бұл тәжірибені тоқтатады. Нобель осы қауіпті зерттеуге назар аударып, нитратты глицериннің қопарылыс жасау шырғалаңы оның шайқалып ыдыстың бүйіріне соғылуынан туындайтынын байқайды. Сұйық күйдегі нитратты глицеринді қатты күйге келтіріп, оңай қопарылыс туылмайтын етпек болады. 1867 жылдың бір күні Нобель ыдыстан ағып шыққан нитратты глицериннің тербелістен сақтайтын инфузорлық топырақпен қосылу арқылы лезде қатып, қатты денеге айналғанын көреді де, бұл өзі іздеп жүрген нитратты глицеринді сіміретін ең тамаша сіміргіш екенін аңғарып, дереу қопарылыс тәжірибесін жасап, ойлағанындай үлкен табысқа жетеді. Кейін тағы да іздену мен тәжірибелер арқылы инфузорлық топырақ пен нитратты глицериннің салыстырмасы 1:3-тей болғанда ең өнімді болатындығын байқайды. Осылайша, ол «Сары түсті қопарғыш» атанған қауіпсіз қопарғыш дәріні сәтті жасап шығады.

1867 жылы күзде Нобель сынап фулминатын бітеу металл түтікке орнатып тұтандырғыш жасайды, бестон осылайша тапқырланады. Осынау дәуір бөлгіш мәні бар ірі өнертабыс Нобельдің 250-ден аса тапқырлықтарының ең алғашқысы еді. Осыдан бастап, нитратты глицерин кен ашу, жол салуда нағыз қуатты қаруға айналады. Әрі, лезде бүкіл дүние жүзіне сатылып, Нобель қомақты кіріс кіргізеді.

19 ғасырдың соңғы жартысында барлық өнеркәсіп елдері Нобельдің меншікті табысына негізделіп, Нобель қопарғыш дәрі зауытын салды. Қауіпсіз қопарғыш дәрі адамзат өркениеті тарихындағы тағы бір дәуір бөлгіш ірі тапқырлық болып саналды, адамзаттың табиғатты өзгерту қабілетін зор дәрежеде жоғарылатты.

Нобель өмір бойы бас құраған жоқ. 1896 жылы желтоқсан айында өмірден озды. Оның өсиеті бойынша 33 миллион Швейцария франгы мұрасын Нобель сыйлығы етіп, адамзаттың ортақ мүддесі үшін күрескен физика, химия, физиология және медицина ғылымы, әдебиет және бейбітшілік жолында көрнекті үлес қосқан адамдарды сыйлауға жұмсады. 1901 жылы тұңғыш Нобель сыйлығы берілгеннен бүгінгі таңға дейін 600-дің үстіндегі ғалым, оқымысты, жазушы және әйгілі қайраткерлер Нобель иегеріне айналды. Олар адамзат өркениетінің алға басуы мен ғылымының дамуын ілгерілетті.

Нобель физика және химия сыйлығын Швеция Каролин сыртқы аурулар медицинасы зерттеу институты жауапты болып бағалайды. Әдебиет саласы бойынша Швеция әдебиет академиясы, бейбітшілік саласы бойынша Норвегия парламенті бес адамдық бағалаушы топ құру арқылы анықтайды. Әр жылы 10-шы желтоқсан Нобельдің өмірден озған күніне орай аталған сыйлық Стокгольмде салтанатты түрде табысталады. 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Әйнек

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Термометр

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Дүрбі

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Жай тартқыш 

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Микроскоп

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Цемент

Тарихқа ықпал еткен өнертабыстар: Батарея

 

Дайындаған: Сұңқар Ақбоз

Сурет: rigger-made-unit.com 

M. Auelkhan