Америкада философия ілімін мультфильм арқылы үйрету курсы ашылды

Америкада философия ілімін мультфильм арқылы үйрету курсы ашылды
Фото: www.vogue.com

Өткен жолы АҚШ-тың Джорджия штатындағы Армстронг мемлекеттік университеті белгілі OutKast тобының шығармашылығына тұтас бір курс арнайтыны туралы жазған болатынбыз. Бұл идеяның авторы африка-америкалық әдебиет профессоры Регина Брейдли. Брейдли ханымның мақсаты –  OutKast аталатын хип-хоп бағытындағы топтың шығармашылығы арқылы рэп жанры саяси пікір білдіру құралы бола алатынын көрсету. 

Енді, АҚШ-та тағы бір қызықты курс ашылғалы жатыр. Глазго университетінде философия ілімін «Симпсондар» мультсериалы негізінде оқыту бағдарламасы құрылмақ. Бұл мультфильмнің режиссері әрі сценарисі Пол Ратнердің айтуынша, ситком (ситуациялық комедия) философиямен әуестенетіндер үшін қызық болары анық. Себебі, басты кейіпкер Гомердің философиясы – экзистенциализмнің комедиялық нұсқасы. Идея авторы «Симпсондар» сериалындағы ой-толғамдарды Сартр, Ницше, Сократ сынды философтардан алған.

Адамзаттың пайда болуынан бері келе жатқан интеллектуалды жүкті студенттерге жеңіл жеткізу мақсатында ұйымдастырылғалы отырған курс жастардың көңілін аулауға қауқарлы болуы тиіс. The Simpsons мультсериалының кейіпкері Гомердің сөздерінен құрылған курс «Д’оу! Симпсондар философияны ұсынады» деп аталады. 

А. Оралқызы