Оқи отырыңыз

Талай жан бар аузыменен айды алар, қолымен қосаяқ та соға алмас.

Автор: Мұхтар Әуезов

— Редактор бағаны —

Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!
Сүйінші, «Massaget» мобильді қосымшасы іске қосылды!

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ

— Үздік әуендер —

Нұржан Тәжікенов - "Сағыныш"
Роза Рымбаева - Алтын сағым
"Тұран" тобы - Kara jorga - people's songм
"Тұран" тобы - The swan - N. Tilendiev
"Тұран" тобы - Kaiys's weeping - poems by S. Kudaiberdiev (the epic of 'Layla and Majnun')
"Тұран" тобы - Zharapazan - people's song - poems by S. Medeubek
Негізгі / Лайфстайл / Білім / Білім ордалары / АҚШ университеттерінің бірінде саясатты рэп арқылы зерттеу курсы ашылмақ

АҚШ университеттерінің бірінде саясатты рэп арқылы зерттеу курсы ашылмақ

АҚШ университеттерінің бірінде саясатты рэп арқылы зерттеу курсы ашылмақ

АҚШ-тың Джорджия штатындағы Армстронг мемлекеттік университеті белгілі OutKast тобының шығармашылығына тұтас бір курс арнамақшы.

OutKast — джи-фанк пен классикалық соул жанрларына негізделген оңтүстік хип-хоп бағытындағы рэп-дуэт. Рэперлер – атланттық хип-хоп мектебінің жолын жалғаушылар. 6 рет "Грэмми" марапатының лауреаты атанған. Outkast тобы оңтүстіктің агрессивті рэп жанрына оптимистік үн алып келген ерекше топ. 2014 жылға дейінгі есеп бойынша, дуэт 25 миллионнан астам альбом сатқан. Сондай-ақ, NME, Pitchfork, Rolling Stone мен Spin сынды беделді музыкалық басылымдар топтың Aquemini және Stankonia аталатын альбомдарын үздік деп таныған.

Жоғарыда атап өтілген идеяның авторы африка-америкалық әдебиет профессоры Регина Брейдли болып отыр. Брейдли ханымның мақсаты –  OutKast аталатын хип-хоп бағытындағы топтың шығармашылығы арқылы рэп жанры саяси пікір білдіру құралы бола алатынын көрсету. Расында да, OutKast тобының негізін қалаушы Андре Бенджамин (Andre 3000) және Энтван Паттон(Big Boi) есімді рэперлер штаттарда мекен ететін қара нәсілділердің өмірінде кездесетін кедейлік, сауатсыздық және т.б. мәселелерді қозғайды.

Армстронг мемлекеттік университеті АҚШ-тың оңтүстігіндегі Джорджия штатында орналасқан. Бұл жерде нәсілдік теңсіздік белең алған. Оған мысал: талантты музыкант Рэй Чарльз 1961 жылы өзінің концертіне шығарда Джорджия штатының бір қара нәсілді студентінен хабарлама алады. Онда университет ішіндегі шара кезінде ақ нәсілділерге ғана ән салуға рұқсат етіліп, қара нәсілділерге тек тамашалауға тура келетіні айтылыпты. Оны естіген Рэй концертін кейінге қалдырады, өйткені ол нәсілдік сегрегацияға әрқашан қарсы болды.

Армстронг мемлекеттік университетінде ашылғалы жатқан жаңа дисциплина туралы сіз не ойлайсыз?

91 0
Рейтинг: +3

Дайындаған: Айымгүл Оралқызы
Фото: vk.com
Қосылған күні: 12 қаңтар, 11:09
Пікірлер

Бұл жазбаға әлі пікір жазылған жоқ. Бірінші болып пікір білдіріңіз.

Пікір білдіру:

Пікір қалдыру үшін тіркеліңіз немесе сайтқа кіріңіз.

Әлеуметтік желі арқылы кіру:

Соңғы аудармалар

38-параллель
38-параллель

Ел: Оңтүстік Корея Режиссер: Кан Джегю Жылы: 2004 Басты рөлдерде: Чан Дон Ган, Вон Бин Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев

Хён/ Аға/ Brother
Хён/ Аға/ Brother

Ел: Оңтүстік Корея Жыл: 2016 Режиссер: Квон Су Гён  Сценарийін жазған: Ю Ён А  Аударған: Ғалымжан Сәңкібаев Басты рөлдерде: ДИО (Exo тобының әншісі) мен Чо...

Елес ерткен
Елес ерткен

Түпнұсқа атауы - Sen to Chihiro no kamikakushi Орысша атауы - Унесенные призраками Мемлекет: Жапония Жылы: 2001 Түрі: аниме Режиссері: Хаяо Миядзаки Жанры: шытырман...