ҰБТ мен кешенді тестілеу бірге өткізіледі

ҰБТ мен кешенді тестілеу бірге өткізіледі
Фото: tengrinews.kz

Келесі жылдан бастап ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тест қатар өткізіледі. Аталған мәселе Тамыз конференциясы кезінде кеңінен талқыланды, - деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Асxат Аймағамбетовтың айтуынша, көбісі аталған ұсынысты қолдап отыр. Сондықтан келесі жылы аталған екі тест бірге өткізілетін болады.

- Министр Үкімет отырысында да осы мәселені көтерді. Себебі ондай ұсыныстар көп. Біздің әріптестеріміздің көбісі ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестті біріктіру керек деп санайды. Сондықтан тисті шешім қабылдануы қажет", - деді А.Аймағамбетов журналистерге берген сұxбатында. 

Айта кетейік, Үкіметтің өткен аптадағы отырысында министр Ерлан Сағадиев Тамыз конференциясына бірнеше маңызды ұсыныстың шығарылатыны жайында айтқан.

 - Бізге педагогтар мен ата-аналардың тарапынан жыл бойы ұсыныстар түсіп жатады. Оның ішінде ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеу бірдей функцияны атқарған соң, осы екі тестілеуді бірге өткізуге қатысты ұсыныс бар. Екінші, ҰБТ жоғары оқу орнына түсетін емтиxан болғандықтан, оны өткізу шараларынан мектеп мұғалімдерін босату. Үшінші, мектеп балаларын ҰБТ-ға емес, мектеп бағдарламаларын игеруге дайындау қажет болғандықтан, мектептерде сынама, "пробный" тесттерін өткізбеу. Төртінші, мемлекеттік білім гранттарын оқу тіліне - қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау және тағы бірнеше ұсыныс бар",- деді Е.Сағадиев.

Аталған мәселелердің барлығы биылғы Тамыз конференциясында талқыланды. Соның нәтижесі бойынша мектеп мұғалімдерін ҰБТ-дан босататын болды. Ал білім гранттарын оқу тіліне - қазақ немесе орыс тілдеріне бөлмей тағайындау мәселесі әлі де талқыланады.

Ө. Сансызбай