Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Экс-бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / 2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

2018 жылғы білім гранты иегерлерінің тізімі жарияланды

Биылғы білім гранты иегерлерінің толық тізімі жарияланды. Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімімен танысу үшін МЫНА СІЛТЕМЕГЕ өтіңіз.

Білім гранты иегерлерінің тізімі

ЖОО білім беру гранттарын тағайындау бойынша республикалық конкурстық комиссия өз жұмысын аяқтады. Республикалық комиссияның құрамына мемлекеттік органдардың, "Атамекен" Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының, Жоғары оқу орындары қауымдастығының, ҚР БҒМ Білім және ғылым, балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі қоғамдық кеңесінің, педагогикалық қауымдастықтың өкілдері кірді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасына сәйкес "Бес әлеуметтік бастама" шеңберінде биыл гранттар саны 20 мың орынға көбейтілді. Оның 11 мыңы техникалық мамандықтарға, оның ішінде ақпараттық технологиялар, робототехника және нано-технологиялар саласындағы мамандарды даярлауға, 5 мыңы - еңбек нарығына қажет басқа да мамандықтарға, 3 мыңы - магистрлерді, 1 мыңы PhD докторларын даярлауға бағытталды. Осылайша, жоғары білім алу үшін білім гранттарының саны 53 594 грантқа дейін жеткізілді.

Оның ішінде, 50 944 грант - 1 курсқа қабылдау үшін, 2650 орын - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінді.

Аталған басымдықтарды ескере отырып, 24 737 грант техникалық ғылымдар және технологиялар мамандықтарына,  9 499 грант - білім, 2 785 грант - ауылшаруашылық  және ветеринария мамандықтарына, 2 700 грант - медицина (денсаулық сақтау және әлеуметтік қамтамасыз ету) мамандықтарына, 1 450 - гуманитарлық ғылымдар мамандықтарына, 100 - құқық мамандықтарына, 300 - өнер мамандықтарына, 1 780 - әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес мамандықтарына, 3 246 - жаратылыстану ғылымдары мамандықтарына, 2 330 – қызмет көрсету мамандықтарына және  500 грант әскери іс және қауіпсіздік мамандықтарына қарастырылды.

Бұл ретте мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыруға жіберілген жоғары оқу орындарының тізімі кеңейтілген. Білім грантын тағайындау конкурсына 75430 адам қатысуда, оның ішінде 60327 адам  - қазақ тіліндегі оқу бөліміне, 14810 адам - орыс тіліндегі оқу бөліміне, 293 адам - ағылшын тіліндегі оқу бөліміне тапсырған. Сондай-ақ, "Мәңгілік ел жастары - индустрияға!" жобасы шеңберінде квота бойынша оқуға 5494 адам конкурсқа қатысты. Еске сала кетейік, былтыр 2017 жылы 37 932 білім гранты берілген болатын.  Оның ішінде 35 082 грант - 1 курсқа қабылдау үшін (күндізгі оқу нысаны бойынша - 34 782, сырттай оқу нысаны бойынша - 300 грант), 2850 грант  - жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдері үшін бөлінген еді.

Дайындаған: Нұржамал Үсенова
Фото: tengrinews.kz
Қосылған күні: 06 тамыз 2018, 18:30

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.