Нобель сыйлығына қатысты 7 қызықты дерек

Нобель сыйлығына қатысты 7 қызықты дерек
Фото: vk.com

Өткен аптада ғана Нобель сыйлығы иегерлерінің есімі белгілі болған еді. Марапаттың өзі әдеттегідей желтоқсан айының ортасында өтеді. Оған дейін оқырманға аталған марапатқа қатысты қызықты деректер ұсынғанды жөн көріп отырмыз.

9 миллион

Биылғы Нобель жүлдесі 9 миллион швед кроны немесе 1,12 миллион АҚШ долларын құрады. 2016 жылмен салыстырғанда миллион швед кронына (124,8 мың АҚШ доллары) ұлғайтылған.

50 жыл

Нобель сыйлығына ұсынылғандар туралы ақпарат жарты ғасыр бойы құпия сақталады. 50 жыл уақыт өткеннен кейін Швед академиясы мұрағаттағы құжаттарды барша әлемге жария етеді. Мысалы, 2017 жылдың қаңтар айында ақын Анна Ахматованың Нобельге ұсынылғандар қатарында болғаны анықталды. 1966 жылы әдебиет саласы бойынша ең мәртебелі атаққа номинант болған ақын есімі 5 наурыз күні өмірден өтуіне байланысты тізімнен алынған.

72 жас

Нобель сыйлығына ұсынылған номинаттардың орташа жасы. Бір қызығы, XX ғасырдың басында бұл көрсеткіш 56 жасқа сәйкес келген.

17 жас

Ең жас Нобель лауреаты — 17 жасар Малала Юсуфзай есімді қыз. Пәкістандық бойжеткен мұсылман елдерінде әйелдерге білім алу құқығының берілуі жолында күрескен. Ол Нобель сыйлығын 2014 жылы бейбіт өмір жолында жүргізген күресі үшін алған. Юсуфзай 11 жасынан бастап BBC арнасында блог жүргізу арқылы танымал болған.

5 ерлі-зайыпты

5 ерлі-зайыпты Нобель сыйлығының лауреаты атанған. Ал, атақты ең бірінші болып 1903 жылы Мария мен Пьер Кюрилер алды.

5 адам

5 адам Нобель сыйлығын сырттай алған. Сырттай болатын себебі, атақ берілген уақытта олар түрмеде отырған немесе еркіндігі шектетілген. Олардың барлығы делік бейбіт өмір жолындағы күресі үшін алған: неміс пацифисі әрі журналист Карл фон Осецкий, кеңес әділетшілі Андрей Сахаров, польшалық белсенді Лех Валенса, бирмалық саясаткер Аун Сан Су Чжи және Қытай әділетшілі Лю Сяобо.

4,8 миллион доллар

2014 жылы өткен бәссаудада Нобель медалі 4,8 миллион долларға өткен. Ол ДНК молекуласы құрылысын алғаш ашқан Джеймс Уотсонға берілген марапат еді. Оны сатып алған ресейлік кәсіпкер әрі миллиардер Алишер Усманов медальді заңды иесіне қайтарып берген. 

А. Оралқызы