Қызының ойыншығына айналған алтын медаль

Қызының ойыншығына айналған алтын медаль

Мария Кюри ханым мен оның күйеуі Пьер Кюри екеуі де әлемге әйгілі ғалымдар. Әсіресе Кюри ханым зерттеп жасаған радиоактивті ғылым саласына қосқан үлесі адамзат тарихында өлшеусіз жаңалық болып бағаланғаны белгілі. Ерлі-зайыпты ғалымдардың ғылымға қосқан үлесінен тыс, ұрпақ тәрбиесі де құрметтеуге, қастерлеуге татиды.

Олар балаларына: «Даңқ деген – еңбектің естелігі ғана. Атақ-абыройға ғана талпынбаңдар. Өздеріңнің армандарың мен үйренулерің жайында үнемі ойланып отырыңдар» дегенді айтты. Сондықтан, оларды даңқ жайындағы тылсым сезімдерден арылту үшін өздерінің ғылым саласында алған әртүрлі ордендерін, медалдарын әдейі солардың ойыншығы ретінде беріп қоятын.

Бірде Кюри ханымның үйіне келген қонақ Ұлыбританияның патшалық ғылым қоғамы тарту еткен алтын медальді екі қыздың ойыншық ретінде ойнап жүргенін көріп, қатты тіксінеді.

- Ойбай-ау! Бұл не деген сорақылық! Мынау қастерлі сыйлық қой. Оны балалардың ойыншығына айналдырғаның не? – дейді әрі таң қалып, әрі үрейленіп.

- Менің ғылымнан өзге ең ұлы міндетім – ұрпақ тәрбиелеу. Сыйлық – мені жігерлендіру үшін берілген «ойыншық» қана. Оны балалардың көзін қызартып, киелі зат етіп іліп қойғанша, олардың көргені, ойнағаны жөн. Мұның балаларға зәредей де пайдасы жоқ. Керісінше, оларды қолынан түк келмейтін ынжық жандарға айналдырып жібереді, - дейді. Мұны естіген қонағы қайран қалыпты. Рас-ау!

Кюри ханым сынақ ретінде ойлап тапқан жаңалығын күйеуі қайтыс болған соң, мемлекеттік тәжірибеханаға табыс етеді. Бұл жаңалық миллиондаған ақшаға жарағанымен, ол ұрпақтарына мол ақша қалдырмаған екен. Және бұл табысты да сол тәжірибеханаға зерттеу жұмыстары үшін қайтарып беріпті. «Кедейлік – қол байлайтыны рас. Бірақ, шектен тыс молшылық та басы артық, жиіркенішті» деген сөзді балаларына аманат етіп қалдырыпты.

Сол әйгілі ғалым, ардақты ананың ұрпақтарына қалдырған тамаша тәрбиесі алтыннан да құнды еді. Кейін келе оның екі қызы да ғылымның шыңына қажырлықпен биіктеді. Үлкен қызы Ирен Жолио Кюри әлемге әйгілі физик, ғалым боп шығады. 

Дайындаған: Алшын Матай

Сурет: baidu.com

Қ. Қауымбек