Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Арнайы жобалар директоры

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Білім / "Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

"Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі ұзартылды

Бұйрыққа сәйкес "Болашақ" бағдарламасы бойынша құжаттар қабылдау мерзімі 14 қазанға дейін ұзартылды. Айта кетейік, бұған дейін құжаттарды қабылдау 30 қыркүйекте аяқталған болатын.

Халықаралық бағдарламалар орталығының мәліметінше, құжат "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2016 жылғы 23 қыркүйекте жарияланған және күшіне енді.

2016 жылы "Болашақ" стипендиясына құжаттарды қабылдаудың екі кезеңі және олардың нәтижелері бойынша екі конкурстық іріктеу өткізілді. Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия қорытындыларына сәйкес 313 стипендия тағайындалды. Олардың 199-ы магистратура, 18-і докторантура, 96-сы тағылымдама бағдарламалары бойынша.

Үміткерлер құжаттарды «электрондық үкімет» порталы, "Азаматтар үшін үкімет" мемлекеттік корпорациясы арқылы немесе "Халықаралық бағдарламалар орталығы" АҚ-ға қолма-қол тапсыра алады. "Болашақ" стипендиясы "Магистратура", "Докторантура", "Резидентура" және "Тағылымдамалар" бағдарламалары бойынша тағайындалады.

Қазіргі таңда Халықаралық бағдарламалар орталығы құжаттарды қабылдаудың үшінші кезеңі шеңберінде «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді тарту мақсатында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізуде.

АЙта кетейік, 2016 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша оқуға түсу мүмкіндіктері кеңейтілді. Біріншіден, ағымдағы жылда 700 стипендия бөлінді, ол 2015 жылмен салыстырғанда 100 стипендияға артық. Екіншіден, конкурсқа құжаттарды қабылдау жеңілдетілді. Үшіншіден, инженерлік-техникалық мамандықтар бойынша оқу үшін жаңа санат енгізіліп, конкурстық рәсімдер жетілдірілді. 

Дереккөз: tengrinews.kz

0
Рейтинг: +1

Фото: yvision.kz
Қосылған күні: 03 қазан 2016, 15:53

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.