"Болашақ" құжаттарын қалай тапсыруға болады?

"Болашақ" құжаттарын қалай тапсыруға болады?

"Болашақ" бағдарламасына қатысу құжаттары Халыққа қызмет көрсету орталықтарында және egov.kz порталында қабылданатын болады.

"Болашақ" бағдарламасына қажетті құжаттар енді Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданатын болады, дайындалған мемлекеттік қызмет көрсетудің сәйкес регламенті Үкімет қаулысымен бекітілді, сондай-ақ Білім және ғылым министрлігі ұсынатын мемлекеттік қызметтердің реестріне кірді", - дейді "Халықаралық бағдарламалар орталығы" президенті.

Бұған қоса, қазір egov.kz порталымен ықпалдасып жұмыс істейтін «Е-Болашақ» ақпараттық жүйесі іске қосылмақ. Бұдан былай Қазақстанның әрбір азаматы Интернет желісі бар кез келген жерден бағдарламаға қатысу үшін өз құжаттарын тапсыра алады.

Сонымен қатар биыл үміткерлерді іріктеу рәсімі тәртібі өзгерді. Ағымдағы жылдан бастап құжаттар республика өңірлерінде қабылданады. 

Естеріңізге  сала кетсек, "Болашақ" халықаралық стипендиясы 1993 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 Жарлығымен құрылған болатын.

Дайындаған: Ғани Тұрғынбеков

Сурет: egov.kz 

Ж. FM