Помпей құрбандарының алғаш рет ДНҚ-сы анықталды

Помпей құрбандарының алғаш рет ДНҚ-сы анықталды
Фото: freepik.com

Ежелгі Рим қаласы Помпейде Везувий жанартауының атқылауынан қаза тапқан құрбандардың сүйектері арқылы алғаш рет толық ДНҚ-сы туралы зерттеу нәтижесі жарияланды. 

Копенгаген университетінің зерттеушілері помпейлік тұрғындардың геномын зерттеген. 1900 жыл бұрын апаттан адамдардың сүйегінен алынған толық генетикалық нұсқаулық дайындаған.

Везувий – Италияның Неополь шығанағына жақын жатқан жанартау. Осы уақытқа дейін 50 рет оянған. Ең әйгілісі біздің заманымыздың 79-жылында орын алған. Ежелгі Рим қаласы Помпейді жанартау күлінің астында қалдырған ең жойқын оқиға. 2 000-ға жуық адам қаза тапқан, қала мыңдаған жыл бойы күл астында жатқан. 1748 жылы зерттеушілер бұл жер астында Помпей қаласының болғанын, тіпті, дүниелері сол күйі сақталғанын жаһанға жар сала хабарлайды. Ғимараттар, тарихи жәдігерлер түрін жоғалтпағаны таңғалдырады.

Сүйек қалдықтарының жиынтығы ер адамға тән екенін көрсетеді. Жас, шамамен, 35-40 арасында. Екінші сүйек – әйел адамдікі. Қайтыс болған кездегі жасы – 50-де. Ер адам сүйек туберкулезі ауруымен ауырса керек.

Г. Берік