Күл астындағы гүл қала – Помпей

Күл астындағы гүл қала – Помпей
Фото: artandobject.com

Везувий – Италияның Неополь шығанағына жақын жатқан жанартау. Осы уақытқа дейін 50 рет оянған. Ең әйгілісі біздің заманымыздың 79-жылында орын алған. Ежелгі Рим қаласы Помпейді жанартау күлінің астында қалдырған ең жойқын оқиға. 2 000-ға жуық адам қаза тапқан, қала мыңдаған жыл бойы күл астында жатқан. 1748 жылы зерттеушілер бұл жер астында Помпей қаласының болғанын, тіпті, дүниелері сол күйі сақталғанын жаһанға жар сала хабарлайды. Ғимараттар, тарихи жәдігерлер түрін жоғалтпағаны таңғалдырады.

Помпей тіршілігі

Таудан сегіз километр қашықтықта жатқан қалада зәулім үйлер, сарайлар көшенің сәнін келтіріп тұрған. Ағылып жатқан туристер, қала тұрғындары мен құлдар қала тіршілігін қыз-қыз қайнатқан. Дүкендер, шарапханалар мен кафелер, моншалар қызмет көрсеткен. Сыйымдылығы 20 000 адамға арналған үлкен арена мен жәрмеңке орны да болған. Жиналған деректер мен заттардың санын есептегенде, шамамен, 12 000 тұрғын болған деседі зерттеушілер.  

Білесіз бе? Везувий жанартауы 1944 жылдан бері атқыламаған. Бірақ әлемдегі ең қауіпті жанартаулардың бірі. Эксперттердің пікірінше, күндердің бір күнінде оянса, өзінен 20 миль шақырымдағы 3 миллион адамның өмірін қияды.

Везувий тауы

Әрине, Везувий жанартауы бір түнде пайда бола қойған жоқ. Жанартау африкалық және еуразиялық тектоникалық тақталардың италиялық аралда қосылған тұсындағы жанартаулық доғалының бөлігі саналады. Біздің заманымызға дейінгі 1780 жылға дейін бір атқылағанда миллиондаған тонна ыстық лава, күл мен тау жыныстарын 22 мильге лақтырған. Өзінен 15 миль қашықтықта орналасқан ауыл-аймақты жоқ қып жіберген. 

Бұған дейін ауыл тұрғындары қолайсыз аймақта өмір сүруді үйренсе керек. Біздің заманымыздың 63-жылында Кампания елдімекенінде ірі жерсілкінісі болған да, ел аса дүрлікпеген. Бірақ бұл дүмпу жанартау атқылауының алдынғы белгі болатын. Ғалымдар бұны енді анықтаған. Помпей қаласына жанартау атқылағанға дейін жан-жақтан біршама адам келетін.

Біздің заманымыздың 79-жылы

"Помпейдің соңғы күні". Карл Брюллов

Сол жер сілкінген соң 16 жылдан кейін тамыз не қазан айында Везувий жанартауы оянған. Жарылыстан көкке күл аралас түтін жайыла тараған. Артынша майда тас боп жергілікті аймаққа бұршақша жауған. Жанартаудан атқылаған газ да айналаны қалың көрпе жапқандай басып алған. Мұны жүздеген миль қашықтықтағы адамдар көрген. Жазушы Жас Плиний жазбасында “бұл бұлттың көлемі мен түсі басқаша болды, құдды тамыры мен бұтағын құлашқа жайған алып ағаш секілді” деп суреттейді. Геологтар жанартаудың мұндай сипатына “Плений атқылауы” деп атап кеткен.

Мұнара секілді атқылау суыған соң, жерге ұсақ күлдер жауа бастады, артынан кесек-кесектеп түсті. Өте қорқынышты жағдай – “Бүкіл әлеммен бірге жоқ боп кетем деп ойладым” – дейді Плиний, – “бірақ, помпейліктердің қашып құтулуға біраз уақыты болған еді”.  

Бірақ аман қалған адамдар да ұзаққа жетпей қиналды. Себебі жанартаудың атқылау салдарынан туған улы газ тау етегін жағалай алып кетті. 

Везувий жанартауының атқылауынан кейінгі ертесінде миллионлаған тонна жанартау күлінің астында Помпей қаласы өртеніп жатты. Шамамен 2000-ға жуық помпейлік тұрғын қаза тапты, ал жалпы жанартау атқылауынан 16 000 адам мерт болған. Кей аман қалған адамдар туыстарын іздеу үшін, қалған заттарын алу үшін қалаға қайта оралған. Бірақ ештеңе таба алмаған. Помпей жанында жатқан көрші Геркуланум қалашығымен қоса адам аяғы баспаған, тіршілігі жоқ мекенге айналады.

Помпейдің ашылуы

1748 жылы зерттеушілер көне жәдігерлерді іздеп жүріп Кампания қалашығы жанында ерекше бұйымдарды кезіктіреді, сол кезде бастап қазба жұмыстары басталады. Олар күлдің құрылысына таңдай қағысады: себебі 2000 жыл бұрынғы қала сол күйі сақталған. Күл тек үстін ғана басып қалған. Заттардың құрылымына әсер етпеген. Сүйектер алдымен қатып, кейін құлаған. Археологтар күнде жаңа бір зат тауып отырған. Тіпті, жеміс салынған құмыралар мен нан тапқан.

Көптеген ғалымдар Помпей қазба жұмыстары ХVIII ғасырдағы жаңа классикалық бағыттың дамуына мұрындық болған. Еуропалық ақсүйектер мен байлап Помпейден табылған суреттер мен бұйымдарға қарап жаңа стиль қалыптастыра бастаған. Мәселен, британдық дәулетті әулет Помпей сарайының үлгісіндегі үйлерді жиі салған.

Помпей қазба жұмыстары әлі күнге дейін жүріп жатыр. Үш ғасырдан бері сыры мен сиқыры таусылар емес. 

Табылған заттар

Жанартау оянған кезде жергілікті тұрғындар жертөледе тығылған. Помпейді алғаш тапқан Фиорелли адамдардың дүмпу басталғанда ең қауіпсіз деген бөлмелерге бой тасалағанын байқаған. Сүйектердің жанынан бағалы бұйымдар, тиын, алтын, күміс табылған. Бір жертөледен 115 түрлі ыдыс-аяқ табылған, олардың барлығы күмістен жасалған.

Қазіргі туристер бұл қаланың таңғажайып ерекшеліктеріне қайран қалады. Мәселен, помпейліктер үйдің қожайыны кім екенін аңғарту үшін есік алдына қожайынның бюстін орналастырған. Сол кезде көше, үй нөмірін көрсетудің бір амалы іспетті. Келген қонақ үйді адаспай тапқан. 

Г. Берік