Жануарлар дрондарды қалай қабылдады?

Жануарлар дрондарды қалай қабылдады?
Фото: .youtube.com

Ғаламшардың адам баласы үшін қиын жол саналатын қауіпті түкпір-түкпіріне ұшақтар, тікұшақтар мен кемелер арқылы сапарға шығатын. Бүгінде зерттеушілер үшін тағы бір көмек құралы пайда болды. Олар алыстан басқарылатын ұшу аппараттары – дрондар.


Бір қызығы адамдардың өзі кейде үрке қарайтын дрондарды фауна өкілдері де жылы қабылдай қоймады. Жануарлардың түр-түрі дронға әртүрлі жауап қатты. Бірі қаша жөнелсе, енді бірі тығылып қалды. Енді бірі шабуыл жасаған. Зоологтардың зерттеуінше физикалық көрсеткіштеріне сәйкес олар белгілі бір деңгейде күйзеліске ұшарайды. Мысалы, ұшып жүрген дронды көргенде қоңыр аюдың жүрек соғысы төрт есе артқан. Бірақ, зерттеушілер уақыт өте жануарлар дронға үйреніп алып, мүлдем жауап қатпайтын болады деген тұжырымға келген. 2016 жылы ғалымдар дрондарды қолдану тұрғысынан этикалық кодекс шығарған болатын. Ол жерде жануарларды бақылаушы зоологтарға талаптар қойған: жабайы табиғат әлеміне қол сұқпау, көрсетілген арақашықтықты сақтау. 

Биологтаар үшін дрондар инфрақызыл камералар арқылы қараңғыда жануарларды табуға, олардың температурасын өлшеп, жүгіру жылдамдығын анықтауға көмектеседі. Кейбір ғалымдар жаңартау жарылысын және лава ағынын қарау үшін де қолданады.

Т. Есқали