Оқи отырыңыз

Өзіңе ұнаған кәсібіңмен шұғылдансаң, өз ұлтыңның туын көкке көтере алсаң – бақыт деген осы!

Автор: Асқар Жұмаділдаев

— Редактор бағаны —

Массагетте қалай блог жазамын?
Массагетте қалай блог жазамын?

Автор: Ербол Жұмабайұлы

Статус: Massaget.kz порталының Бас редакторы

Материал жіберу БЛОГ ЖАЗУ
Негізгі / Лайфстайл / Әлемтану / Сырлы әлем / Нептун жайлы қызықты деректер

Нептун жайлы қызықты деректер

Нептун жайлы қызықты деректер

Күн жүйесіндегі ең тылсым ғаламшар - Нептун. 8 планетаның соңғысы. Оның үстіне Күннен ең алшақ орналасқан да осы көк ғаламшар. Осы бір ерекше планета туралы қызықты мәліметті назарларыңызға ұсынамыз.

Нептун - Күн жүйесінің сегізінші және күннен ең алыс орналасқан ғаламшар. Салмағы Жерден 17 есе ауыр.

1846 жылы немістің Astronomische Nachrichten журналының бас редакторы Г.Х.Шумахер Пулков обсерваторияның директоры Василий Струвеге жаңа табылған ғаламшарға "Нептун" деген атау беруді ұсынады. Ұзақ өтпестен Василий Струве осы атауға тоқтады. 

Нептун - ежелгі Рим мазарындағы құдай.

Нептундағы дауыл Күн жүйесіндегі өзге ғаламшарларға қарағанда әлдеқайды қуатты. Оның жылдамдығы сағатына 2000 шақырымды құрайды.

Нептун - Күн жүйесіндегі ең суық ғаламшар. Жоғарғы бұлттағы температура -221С-ге дейін төмендейді. 

Нептун планетасын кім ашты?

Нептунның өзінде жылу көзі бар. Күннен түскен сәуледен 2,61 есе қуатты жылу бере алады. 

Құпияға толы көк түсі. Ғалымдар Нептунның атмосферасы метаннан тұратынын анықтаған. Дәл осындай атмосфера Уранда да бар, алайда оның түсі көк-жасылға боялған.

Нептунға жалғыз НАСА Вояджер-2 зонды жақындаған. 1989 жылы аппарат Нептунда магниттік өрістің бар екенін анықтап, бірнеше серіктерін тапқан.

Уран мен Нептун, негізінен, мұздан тұрады. Әрі бұл ғаламшарларда су,аммиак және метан басым болып келеді. Сол себепті, бұл екі ғаламшардың «мұз алыптары» деген қосарлама атағы бар.

Адам баласы Нептунда қоныстай алмайды. Бұл ғаламшар адам аяғы баспау үшін бар жағдайды жасаған.

0
Рейтинг: +0

Дайындаған: Айбар Рысдәулет
Фото: vk.com
Қосылған күні: 15 шілде, 16:07

Соңғы аудармалар

Қайсар До Бон Сун  #7
Қайсар До Бон Сун #7

До Бон Сун – ерекше қыз. Өйткені, оның бойында тұқымқуалайтын қасиет алпауыт күшке ие. Ол тек қыздаға беріледі. Бұл қасиеті үшін өзінен ұялатын қыз қалайша барлық қиындыққа қарсы тұра білді? Оған қолдау көрсеткен кім? 

BTS - Go Go
BTS - Go Go

Топ: BTS немесе Beyond The Scene  Дебют: 2013 жыл,...

VROMANCE feat. Obroject -
VROMANCE feat. Obroject - "Ғашықпын" (Fall In Love)

Массагет сайтында жарық көріп жүрген "Қайсар До Бон Сунның" сезімге толы саундтрегін назарларыңызға ұсынамыз.